Мұстафа Шоқайдың Түркістан өлкесінде және Қазақстанда жүргізілген кооперациялау мәселелері туралы
Қаралымдар: 86 / PDF жүктеулері: 79
Кілт сөздер:
кооперациялау, тұтыну кооперациясы, шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы, реформа, жабдықтау-өткізу кооперациясы, кіріс, мал шаруашылығыАңдатпа
Мұстафа Шоқайдың өз отанында бұрын жарияланбаған 12 томдық туындысының
жарық көруі, біздің пікірімізше, экономикалық ілімдер тарихын және Қазақстанның экономикалық
тарихын маңызды түрде байыта түсуіне мүмкіндік береді.
Алаш қозғалысының негізін қалаушылардың бірі және КСРО аумағынан тыс жерде кеңес
билігіне деген қазақ оппозиясының көшбасшысы ретінде, ол өзінің қоғамдық-саяси қызметтері мен
талдамалық зерттеулерінде сол уақыттарда Кеңес Одағында жалпы, және Қазақстан мен Орталық
Азияда жекелей орын алған саяси-экономикалық үдерістеріне маңызды түрде көңіл бөлген.
Өткен ғасырдың 20-30-жылдары Кеңес өкіметінің жүргізген кооперациялау саясаты Социа-
листік қоғамдық құрылысты қалыптастыру ісіндегі маңызды тетік болып табылады. Бұл мақалада
Мұстафа Шоқайдың пролетариат диктатурасы жүргізген осы үдеріске деген көзқарастары қарасты-
рылған. Оның осы мәселеге қатысты жарияланған еңбектеріне, әсіресе, Қазақстан мен Түркістан
өлкесіне қатысты жүргізілген талдаулары оның кооперативтік процестің теориясы мен практикасы-
на қосқан елеулі үлесін, сондай-ақ, ол жүргізген кеңестік кооперациялаудың қайғылы салдарларын
қалай ауыр сезіммен қабылдайтынын және оның жағымсыз жақтарын ашқанын дәлелдейді