Проблемалық несиелерді басқару жүйесі
Қаралымдар: 198 / PDF жүктеулері: 135
Кілт сөздер:
несие, қаржы, дефолт, проблемалық несиелер, несиелік тәуекел, банк, несиелік портфель, шығын, күмәнді қарыз, халықаралық валюталық қор, Базель комитеті, экономикалық дағдарыс, табыс, сегмент, экономикалық тұрақсыздық, міндеттеме, несиелік скоринг, коллектрлік агенттік, өтімділік.Аңдатпа
Бұл мақалада дамыған елдерде проблемалық несиелерді басқару тәсілдерін қалып-
тастыру және проблемалық несиелерді басқарудың әмбебап әдістемесін қалыптастыруға арналған
әдістемелік тәсілдерді әзірлеу тәжірибесі мен ерекшеліктерін жинақтау қажеттілігімен анықталады.
Қазіргі уақытта банктер үшін өзекті және осы жұмыс шеңберінде жеке зерттеуді талап ететін қосым-
ша аспектілер проблемалы несиелер портфелін басқару әдістемесін құру кезінде пайдаланылатын
технологиялардың әрқайсысының тәуекелдерін талдау және даму перспективасы болып табыла-
ды. Экономикалық дағдарыс жағдайында проблемалы несиелерді басқарудың қазіргі жағдайы мен
даму перспективасы Қазақстанда үлкен қызығушылыққа ие болып отыр. Осы зерттеудің мақсаты
проблемалық несиелерді басқарудың теориялық тәсілдерін дамыту және қазақстандық коммерци-
ялық банкте проблемалық несиелер портфелін басқарудың әдістемелік және ұйымдастырушылық
негіздерін әзірлеу болып табылады.
Коммерциялық банктерге проблемалық несиелер портфелін басқарудың әдістемелік негіз-
дерін дамыту және енгізу Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жалпы сенімділігін, өтімділі-
гін және тартымдылығын арттыруға ықпал ететін болады.