Дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеу жағдайларын оңтайландыру бағыттарын әзірлеу
Қаралымдар: 73 / PDF жүктеулері: 111
DOI:
https://doi.org/10.32523/2079-620X-2021-1-29-38Кілт сөздер:
шағын және орта бизнес, шетелдік тәжірибе, ШОБ субъектілері, АҚШ тәжірибесі, Сингапур тәжірибесі.Аңдатпа
Мақалада дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасындағы
шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмыс істеу жағдайларын оңтайландыру бағыттарын әзірлеу
туралы қарастырылады. АҚШ, Франция, Германия, Сингапур сияқты елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, шағын және орта бизнестің дамуына зерттеу жүргізілген.
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру мәселелерін зерттеу үшін оны ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырады. Түрлі елдердегі ШОБ қызметінің
рөлі мен маңыздылығына ерекше назар аударылады, атап айтқанда, бәсекелестік пен жұмыспен қамту
деңгейі, жаңа технологияларды енгізу және өндірістің тиімділігі, экономикадағы құрылымдық өзгерістер
және т. б. сияқты көптеген микро және макроэкономикалық көрсеткіштер ШОБ субъектілері қызметінің
тиімділігі мен ауқымдылығына байланысты. Дамыған елдердің тәжірибесі шағын және орта бизнестің
қалыптасуы мен дамуы экономиканы сауықтыру үшін қолайлы жағдайлар жасайтынын, бәсекелестік
орта қалыптасатынын және дамитынын, салалық және өңірлік монополизм еңсерілетінін куәландырады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.