«Жоғары технологиялар» ұғымының генезисі және оның қазіргі экономикадағы рөлі


Қаралымдар: 71 / PDF жүктеулері: 163

Авторлар

  • Т.Ю. Гораева

DOI:

https://doi.org/10.32523/2079-620X-2021-1-53-63

Кілт сөздер:

жоғары технологиялар, экономиканың жоғары технологиялық секторы, технологиялық даму, экономикалық өсу, инновациялық экономика.

Аңдатпа

Қазіргі жағдайда технологиялық даму жоғары технологияларды құруға және коммерцияландыруға қабілетті әлемнің жекелеген елдерінің бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық өсуін негіздейді. Қазіргі уақытта технологиялар жоғары технологиялық өндірістер мен кәсіпорындарды дамытуда қозғалтқыш болып отыр, бұл сайып келгенде нарықта ұсынылатын өнімдердің бірегейлігі, олардың
инновациялылығы және салынған зияткерлік еңбектің жоғары үлесі есебінен қосылған құнның жоғары
деңгейін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан «жоғары технологиялар» ұғымының генезисін, олардың
экономикалық және технологиялық дамуды қамтамасыз етудегі рөлін зерттеу, сондай-ақ экономикалық
жүйені дамытудағы экономиканың жоғары технологиялық секторының маңыздылығын анықтау міндеті
өзекті болып табылады.
Зерттеу міндеттері келесі ғылыми әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылды: ғылыми абстракция,
жинақтау, талдау және бақылау. Бұл ғылыми негіз «жоғары технологиялар» ұғымының мазмұны мен
маңызын салыстыруға және олардың инновациялық экономиканың дамуындағы рөлін анықтауға, негізгі жаһандық үрдістер мен экономиканың жоғары технологиялық секторының даму ерекшеліктерін,
сондай-ақ оның қазіргі заманғы экономикалық жүйенің дамуындағы рөлін анықтауға мүмкіндік берді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Гораева, Т. . (2023). «Жоғары технологиялар» ұғымының генезисі және оның қазіргі экономикадағы рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 53–63. https://doi.org/10.32523/2079-620X-2021-1-53-63

Журналдың саны

Бөлім

Статьи