Отандық мұнай-химия өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету


Қаралымдар: 78 / PDF жүктеулері: 247

Авторлар

  • А.К. Кадырбергенова
  • Л.Б. Избасарова
  • Г.М. Жантелеуова

DOI:

https://doi.org/10.32523/2079-620X-2021-1-64-73

Кілт сөздер:

мұнай-химия, кластер, технопарктер, Еуропалық экономикалық одақ, полимер өндірісі

Аңдатпа

Алдыңғы қатарлы елдің әлемдік және ішкі нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігінің негізі – бұл шикізат секторына бағытталуына тәуелділіктен арыла отырып, саланың, өндірістің, өнеркәсіп өнімінің барлық бәсекелестік артықшылықтарын
тиімді іске асыру мүмкіндігі. Қазақстанның қолда бар ресурстық әлеуетін іске асыру
және қолайлы нарықтық конъюнктура есебінен мұнай-химия саласын дамыту, дамудың сапалы жаңа жолына қол жеткізу, әлемдік нарықтарға шығуды арттыру да бәсекеге
қабілеттіліктің негізі болып табылады. Қазақстан жеткен оң нәтижелерді нығайту
және алға қарай экономикалық дамудың тірегі дамыған мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуші кластерлік құрылымдар да болуы керек.
Бәсеке мен инновацияның өзара әрекеттесуінің диалектикалық сипаты бәсекеге қабілеттіліктің инновациялық құраушыларын зерттеу қажеттілігі мен маңыздылығын
айқындайды. Мұнай-химия өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру елден тыс та
іскерлендірілуі қажет. Бұл тұрғыда, ЕЭО аясында мүше мемлекеттерде салааралық
мұнай-химия кластерін ұйымдастыру арқылы ұлттық, өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру мүмкіндігін қарастыруға болады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кадырбергенова, А. ., Избасарова, Л. ., & Жантелеуова, Г. . (2023). Отандық мұнай-химия өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 64–73. https://doi.org/10.32523/2079-620X-2021-1-64-73

Журналдың саны

Бөлім

Статьи