Екінші деңгейлі банктер қызметін тәуекелге бағытталған реттеу мен қадағалаудың шетелдік тәжірибесі
Қаралымдар: 151 / PDF жүктеулері: 182
DOI:
https://doi.org/10.32523/2079-620X-2021-1-174-190Кілт сөздер:
бірыңғай банктік қадағалау, Банктік одақ, тәуекел, тәуекелге бағытталған реттеу және қадағалау, капиталдың жеткіліктілігі, өтімділік, корпоративтік басқару, бизнес-модель, артықшылықты депозиттер, өзін-өзі реттеу ұйымы, қадағалау категориясы.Аңдатпа
Қазірі таңда ЕДБ қызметі кез-келген мемлекеттің экономикасының қалыпты дамуының маңызды атрибуты сынды. Дамыған банктік жүйе тек бизнес саласының ғана емес, сонымен қатар көптеген жеке тұтынушылардың күнделікті тұрмыстарында да маңызды орынға ие болуда. Кез-келген мемлекет үшін банк жүйесінің
тұрақты қызмет етуінің негізгі қайнар көзі ол банктік реттеу мен қадағалаудың
тиімділігінде болып отыр. Аталмыш мақаланың мақсаты екінші деңгейлі банктер қызметін тәуекелге бағытталған реттеу мен қадағалаудың шетелдік тәжірибесін қарастыру арқылы, қажетті және тиімді тәжірибені отандық банк секторын реттеу және
қадағалау барысында барынша қолдануға ұсыну.
Жалпы мақалада дүниежүзіндегі банк саласын реттеу және қадағалау құзыреттілігі әр
мемлекеттер әртүрлі екендігі басшылыққа алына отырып, бірыңғай банктік қадағалауды жүргізетін жалғыз орган және бірнеше орган бар мемлекеттер тізімі де келтірілген.
Мақалада Еуропа Орталық Банкі мен Швейцария мемлекетінің қадағалаушы органдары
тәуекелді алдын алудағы тәуекелге бағытталған реттеу мен қадағалаулары қарастырыла отырып, Швейцарияда банктерді қадағалау барысында банктердің тәуекел профилінің ескерілетіндігі және қадағалау режимдерінің біркелкі еместігі анықталды. Сондай-ақ Еуропа Орталық Банкі қадағалаудың бірыңғай үлгісін қолдана отырып, қадағалау
үрдісінде банкте қандай көрсеткіштерді бағалайтындығы да сипатталған.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.