Исламдық қаржыландыру: қалыптасу ерекшеліктері мен шағын және орта кәсіпкерліктерді қаржыландыру мүмкіндіктері
Қаралымдар: 47 / PDF жүктеулері: 58
Кілт сөздер:
исламдық банкинг, ШОБ, шетелдік тәжірибе.Аңдатпа
Мақалада шағын және орта бизнестің дамуының ағымдағы жағдайы, келешегін
қарастыру қажеттілігі талданған. Зерттеудің мақсаты – елдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси
тұрақтылықты қамтамасыз ететін экономиканың ең маңызды сегменттерінің бірі ретіндегі шағын
және орта бизнесті жан-жақты, нанымды зерттеу, сондай-ақ, нәтижелер мен қорытындыларды алу
мен тәжірибеге енгізу. Ғылыми зерттеудің бағытын таңдау шағын және орта бизнестің инновацияға-бағытталған экономикаға өтудегі басты рөлімен байланысты. Зерттеудегі исламдық қаржыландыруды бөліктері бойынша (анализ), сондай-ақ бүтіндей (синтез) зерделеуге мүмкіндік берген анализ, синтез, қадағалау мен нақты ақпаратты жинау әдістері қолданылды.
Мұсылман мемлекеттерінде қаржыландыру көздері ретінде - шағын және орта бизнес секторының негізгі мәселелері қарастырылады. Шағын және орта кәсіпкерліктер қаржыландырудың
мүмкін дәстүрлі варианттарын мүлдем қолданысқа енгізбейді немесе шектелген қаржыландырудың түрін таңдайды, соңғысында діни тұжырымдамалар мен сезімдер басымдылық етеді. Жоғарыда аталған ШОБ-ға әсер ететін факторлардың барлығын зерттеу осы мақаланың негізі болды.
Жұмыста келтірілген қорытындылар тәжірибелік мағынаға ие, ал жасалған зерттеу шағын
және орта кәсіпкерліктерді қаржыландырудағы исламдық қаржыландырудың негізгі мүмкіндіктерін айқындауға жол ашты.