Университет студенттерінің білім алу мекендеріндегі экономикалық үлестері (Кентау қаласы мысалында)
Қаралымдар: 71 / PDF жүктеулері: 79
Кілт сөздер:
қала экономикасы, университет, студенттердің шығындары, білім беру мекемелері, факультет, грант.Аңдатпа
Университеттер орналасқан қалаларының экономикалық, әлеуметтік және мәдени
құрылымына өте үлкен әсерін тигізеді, әрі маңызды болып саналады. Әсіресе, университет студенттерінің жұмсайтын қаржылары қала экономикасын жандандыратын маңызды қаржыландыру тобын
құрайды. Осы тұрғыда дайындалған бұл зерттеу жұмысы, Ахмет Ясауи университетінің Кентау қаласына
қосқан басқа да үлестерімен қатар, әсіресе, экономикалық үлесін анықтау мақсатында жүргізілді. Зерттеу аясында Кентау қаласында орналасқан факультеттерде оқитын 925 студентке 32 сұрақтан тұратын
демографиялық ерекшеліктері, табыс деңгейі және жұмсалатын шығындары туралы сұрақтар қойылды.
Зерттеу нәтижесінде 2019 жылы бір студенттің орташа есеппен айына 30 мың теңге көлемінде қаржыжұмсайтындығы және барлық студенттерді есептегенде Кентау қаласының экономикасына орташа есеппен айына 27,750 млн. теңге көлемінде үлес қосатындығы анықталды