Қарағанды облысы моноқалаларының инновациялық даму тетіктері


Қаралымдар: 103 / PDF жүктеулері: 72

Авторлар

  • А.А. Маймурунова
  • Б.С. Толысбаев
  • А.А. Быков

DOI:

https://doi.org/10.32523/2079-620X-2020-4-113-122

Кілт сөздер:

моноқала, моноаумақ, инновациялық даму, инновациялық даму тетіктер, жаңғырту, инновациялық әлеует, инвестицялық тартымдылық, өзін-өзі басқару.

Аңдатпа

ҚР Президенті 2019 жылдың 2-қыркүйегіндегі халыққа Жолдауында ресурстық менталитеттен бас тарту және экономиканы әртараптандыру, сондай-ақ,
еңбек өнімділігін арттыру, инновацияларды дамыту және т.б. туралы атап айтқан
[1]. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық
даму жоспарында мемлекеттің назары болашағы бар, әсіресе, ірі қала-агломерациялар
орталықтарының ықпал ету аймағында орналасқан орта және шағын қалаларды экономикалық дамытуға, «Smart City» тұжырымдамасы негізінде қала ортасын басқару
үшін жоғары технологиялық шешімдерді енгізуге бағытталатын болады. Моноқалаларда орын алған көптеген әлеуметтік және экономикалық мәселелелер кешенін шешу
үшін олардың инновациялық әлеуетін анықтай келе, инновациялық дамытудың тиімді
стратегиялары мен бағдарламаларын әзірлеу қажет. Өз кезегінде моноқалалар экономикасын трансформациялау, жаңғырту және әртараптандыру инновациялық қызметті
дамытпай қол жеткізу мүмкін емес. Ал моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық
дамуы деңгейі, әсіресе, Қарағанды облысында орналасқан моноқалаларда әртүрлі болып
келеді. Сондықтан моноқалалар дамуының стратегиялық бағыттарын құрастыру барысы олардың инновациялық әлеуеттерінің даму деңгейі бойынша жіктеме негізінде
жүзеге асырылған жөн. Мақалада республика бойынша ең көп моноқалалар шоғырланған
Қарағанды облысындағы моноаумақтардың дамуының түрлі бағыттарын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі жалпылай алынған. Сондай-ақ, моноқалалардың инновациялық дамуын басқару тетіктері ұсынылып, моноқалалардың даму шеңберіндегі түрлі
субъектілердің өзара әрекеттер жүйесі құрылымданған.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-02-02

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Маймурунова, А. ., Толысбаев, Б. ., & Быков, А. . (2023). Қарағанды облысы моноқалаларының инновациялық даму тетіктері. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (4), 113–122. https://doi.org/10.32523/2079-620X-2020-4-113-122

Журналдың саны

Бөлім

Статьи