Республикалық бюджеттің параметрлеріне сәйкес ауыл шаруашылығын қаржыландыру және несиелендіру


Қаралымдар: 73 / PDF жүктеулері: 89

Авторлар

  • Г.Б. Утибаева
  • Р.М. Жунусова
  • А.К. Жусупова

DOI:

https://doi.org/10.32523/2079-620X-2020-4-167-174

Кілт сөздер:

: негізгі сценарий, республикалық бюджет, кірістер, шығындар, шығыстар, дефицит, трансферттер, бюджеттік несиелер, бюджеттік бағдарламалар, қаржыландыру, салықтық түсімдер.

Аңдатпа

Мақалада 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері Қазақстан республикасының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының
болжамды индикаторларының негізінде және 2020 жылға нақтыланған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын есепке ала отырып, қарастырылған. Болжамдық бюджеттік көрсеткіштерді нақтылаудың негізгі факторлары тұрақсыз сыртқы экономикалық жағдай, әлемдік жаһандық құлдырау және коронавирустың таралуын болдырмау үшін қорғаныс шаралары аясында іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі болып табылады.
Параметрлері ағымдағы күтілуден ауытқуы шамамен ықтимал болып табылатын еліміздің экономикасын дамытудың базалық сценарий негізінде бюджетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Орташа мерзімді болашақта күтілетін салықтық-бюджеттік саясаттың басымдықтарын ерекшелеумен бірге мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі басымдықтары, мақсаты, міндеттері
және қағидалары қарастырылған.
Табыстар құрылымында ең маңызды болып табылатын салықтық түсімдер мен трансферттерді көрсетумен бірге республикалық бюджеттің кірістік көздерінің көлемі мен құрылымының нақты салыстырмалы сипаттамалары зерттеліп, қарастырылған. Барлық функционалдық топтар бойынша республикалық бюджеттің шығындарын қаржыландыру мен бюджеттік несиелендірудің көлеміне, құрылымына
және бағыттарына салыстырмалы түрде талдау жүргізілген. Негізгі бюджеттік бағдарламаларымен бірге
қоса ауыл шаруашылығы және онымен байланысты салаларды қаржыландыруы жеткілікті түрде егжей-тегжейлі қарастырылған.
Бюджеттің кірістері мен шығыстарының қалыптасуындағы динамикалық өзгерістер мен олардың
функционалдық топтары тұрғысындағы байланыстарды зерттеу негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мүмкіндігін бағалауға әрекет жасалды

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-02-02

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Утибаева G. ., Жунусова R. ., & Жусупова A. . (2023). Республикалық бюджеттің параметрлеріне сәйкес ауыл шаруашылығын қаржыландыру және несиелендіру. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (4), 167–174. https://doi.org/10.32523/2079-620X-2020-4-167-174

Журналдың саны

Бөлім

Статьи