Көлік логистикасында инновацияларды енгізу мен қолданудың шетелдік тәжірибесі


Қаралымдар: 217 / PDF жүктеулері: 174

Авторлар

  • Л.Б. Габдуллина
  • Б.С. Толысбаев

Кілт сөздер:

инновациялар, көлік логистикасы, логистика тиімділігінің индексі, логистикадағы ақпараттық технологиялар, Big Data, блокчейн, жасанды интеллект.

Аңдатпа

Мақала қазіргі замандағы көлік логистикасы саласындағы жаңа технологиялар мен әзірле-
мелерді енгізу мен қолданудың шетелдік тәжірибесін зерделеуге бағытталған. Осы мақсатқа жету үшін
зерттеуде мынадай міндеттер қойылды: логистика тиімділігінің индексіне салыстырмалы талдау жүргі-
зу және жетекші елдерді анықтау; жетекші елде (Германия) логистикалық инновацияларды пайдалану
тәжірибесін зерттеу; Қазақстанда шетелдік тәжірибені бейімдеу бағыттары мен жолдарын ұсыну. Зерт-
теудің әдіснамалық негізі ретінде автор жүйелік функционалдық, статистикалық талдауды, салыстыру
мен рейтингтік бағалауды пайдаланады. Жұмыста LPI - логистика тиімділігі индексінің рейтингтік көр-
сеткіштерін талдау қолданылды. Авторлар Еуропа елдерін осы аталған салада инновациялық технологи-
яларды әзірлеу және қолдану саласындағы негізгі көшбасшы ретінде бөліп көрсетеді. Осылайша, иннова-
циялық көлік-логистикалық жүйені қалыптастырудың халықаралық тәжірибесін зерттеу қолданыстағы
бағытты жаңғыртудың «жаңа» тәсілдерін анықтауға және қалыптастыруға, сондай-ақ, өңірлік ерекшелік-
терді ескере отырып, стратегиялық құжаттарды әзірлеу кезінде оларды есепке алуға мүмкіндік береді.
Автор шетелдік логистикада көлік-логистикалық шығындарды азайтуға, өндіріс тиімділігін арттыруға,
ақпараттық және энергия үнемдеуші технологияларды енгізуге, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған
түрлі инновациялар белсенді енгізілуде екендігін көрсетеді. Әсіресе, бүгінде жаһандық дағдарыс жағдай-
ында немесе болған кезде Covid-19 пандемиясы сияқты көптеген өндірістік мәселелерді қашықтықтан
шешуді қажет ететін жағдайларда инновациялық логистиканы дамыту мәселесі туындайды. Шетелдік
тәжірибе көрсетіп отырғандай, бүгінде логистикалық үдерістерді жетілдіру және дамыту үшін көпте-
ген заманауи технологиялық шешімдер бар. Инновациялық жол негізінде көлік-логистикалық жүйені
дамытудағы жетекші елдердің тәжірибесін талдау Қазақстанның даму жолдары мен перспективаларын
анықтау үшін өте маңызды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-02-02

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Габдуллина L. ., & Толысбаев B. . (2023). Көлік логистикасында инновацияларды енгізу мен қолданудың шетелдік тәжірибесі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 127–138. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/495

Журналдың саны

Бөлім

Статьи