Әлемде криптовалютаны пайдалануға қатысты елдердің көзқарасы және Қазақстандағы жағдайды талдау
Қаралымдар: 50 / PDF жүктеулері: 83
Кілт сөздер:
криптовалюта, биткоин, биткоинге көзқарас, Ұлттық банк, Еуропалық Одақ, Халықаралық валюта қоры.Аңдатпа
Криптовалюта – бұл интернет арқылы құндылықтарды беру үшін цифр-
лау технологиясын ғана пайдаланатын цифрлық валюта. Бүгінгі күні криптовалюта
саудасы қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне сай келеді. Бірақ бұл валютаны және оның
нарығын мінсіз деп атауға болмайды. Криптовалюталар өзгермелі сипатына, қызмет-
ті заңсыз қаржыландыруға және орталық эмитенттің болмауына байланысты үлкен
тәуекелге ие. Банкроттық жағдайында кепілдік орталығы болып табылатын заңды
ресми органның болмауы пайдаланушылар үшін әлі де қауіп болып табылады. Зерттеу
барысында биткоин 2008 жылы нарыққа шыққанына қарамастан, көптеген елдерде осы
күнге дейін криптовалюталарды реттейтін, шектейтін немесе тыйым салатын ашық
жүйелер жоқ екендігі айқындалды. Көптеген елдер әлі де криптовалюталарды реттеу
жолдарын талдайды. Жалпы, биткоин әлемнің көп бөлігі үшін белгісіз сипатта қалып
отыр. Зерттеудің мақсаты - шет елдердің орталық банктері, Халықаралық және жеке
қаржылық ұйымдардың криптовалюталарды пайдалану мен реттеу бойынша тәжіри-
белерін талдай отырып, Қазақстан экономикасында криптовалютаны қолдану мүм-
кіндігін зерттеу болып табылады.