Цифрландыру жағдайында жоғары білімі бар кадрларда экономиканың сұранысын болжау
Қаралымдар: 123 / PDF жүктеулері: 162
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-3-138-152Кілт сөздер:
экономика, модель, болжау, жоғары білім, , еңбек нарығы, білім беру қызметтері нарығы, сұраныс пен ұсынысАңдатпа
Экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету елдің тұрақты дамуы мақсатында іске асырылатын мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл міндеттің күрделілігі мен ауқымдылығы мемлекеттік органдардың күш-жігерін үйлестіруді, сондай-ақ жұмыс берушілерді, білім беру ұйымдары мен қоғамды кәсіби кадрларды уақтылы даярлау процесіне тартуды талап етеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік реттеу мен еңбек нарығын дамытуға жауапты органдардың ішкі тиімді өзара іс-қимылы мәселесі бар. Бұл зерттеу еңбек нарығы мен университеттердің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту бойынша нақты шаралар мен ұсыныстар әзірлей отырып, цифрландыру жағдайында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарға еңбек нарығындағы сұранысты болжаудың әдіснамалық тәсілдерін зерттеуге бағытталған. Бұл әдістемені құру экономиканың мамандарға деген қажеттіліктерін есептеу үшін автоматтандырылған бағдарламаны әзірлеуге мүмкіндік берді. Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынылған модельдің деректері негізінде белгілі бір кәсіптің өзектілігін ескере отырып, мемлекеттік тапсырысты бөлуге мүмкіндік алады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Ш. Турмаханбетова, A. Абайдильда, Р. Агыбетова

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.