Қазақстанның тұрақты дамуға көшуін институционалдық қамтамасыз ету
Қаралымдар: 108 / PDF жүктеулері: 175
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-3-78-91Кілт сөздер:
тұрақты даму мақсаттары, ұлттандыру, мемлекеттік жоспарлау жүйесі, тұрақты даму, ұлттық индикаторлар, оқшаулауАңдатпа
Осы мақалада Қазақстанда Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудың қолданыстағы институционалдық жүйесінің архитектурасы және негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді талдау келтіріледі. Тұрақты даму мақсаттарының іске асырылуын талдау қажеттілігі БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Күн тәртібінің іске асырылуына өз түзетулерін енгізетін геосаяси шиеленістің теңдессіз өсуімен, сыртқы және ішкі сын-қатерлердің күшеюімен негізделген. Осыған байланысты, талдаудың негізін Тұрақты даму мақсаттарының жекелеген ұлттық индикаторлары бойынша ресми статистикалық есептіліктің деректерін бағалау құрайды. Қазақстанда Тұрақты даму мақсаттарының іске асырылуын талдаудың мақсаты Тұрақты даму мақсаттарының қолданыстағы институционалдық жүйесінің тиімділігін талдау және оларға қол жеткізуді жеделдету бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Мақалада тұрақты дамудың үштігін қамтитын түйінді индикаторлар бойынша жүргізілетін саясат нәтижелері келтірілген: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік. Мақалада бүгінгі таңда әрекет ететін Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудың институционалдық архитектурасы ұсынылған, олардың іске асырылуын мониторингтеу құралдары келтірілген, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдететін бірқатар шаралар көрсетілген, Тұрақты даму мақсаттарының институционалдық жүйесін әрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген. Талдау жүргізу кезінде салыстырмалы талдау әдісі пайдаланған.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 А. Утебаева
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.