Білім беру жүйесінде халықтың энергия үнемдейтін мінез-құлқын қалыптастыру
Қаралымдар: 77 / PDF жүктеулері: 127
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-3-249-278Кілт сөздер:
энергия ресурстары, энергия үнемдейтін мінез-құлық, энергия тұтыну мәдениеті, білім беру, мектеп, университет, қауымдастықтар, сапа менеджменті, энергия менеджментіАңдатпа
Білім беру жүйесінде халықтың энергия үнемдейтін мінез-құлқын қалыптастыру экономика мен қоғамның дамуында орасан зор және айқын рөл атқарады. Энергия үнемдеу технологияларын енгізу саласындағы техникалық прогресс мәселелерін, әлемдік тәжірибенің ұйымдастырушылық және техникалық аспектілерін қамтитын көптеген әдебиеттер аясында білім беру жүйесіндегі энергия үнемдеу мінез-құлқының ауқымы мен ерекшеліктерін қарастыруға арналған басылымдардың тапшылығы сезіледі. Бұл мақалада үш деңгейде энергияны үнемдейтін мінез-құлықты қалыптастыру ерекшеліктері талданады: мектеп, университет, қоғамдастық. Бұл мақалада WоS және Scopus дерекқорларынан 119 зерттеуге жүйелі шолу жасалды, бұл жас ұрпақ пен қауымдастық өкілдерінің энергияны үнемдейтін мінез-құлқын қалыптастырудағы әсер ету факторлары мен перспективаларын анықтауға мүмкіндік берді. Төрт зерттеу сұрағы деректерді талдауға бағытталған. Нәтижелер COVID-19 пандемиясының басынан бастап қазіргі уақытқа дейін (а) әдебиеттерде мектеп пен университет деңгейінде энергияны үнемдейтін мінез-құлықты қалыптастыруға қатысты мәселелер аз зерттелетінін көрсетті; (б) негізгі әдебиеттер қауымдастықтардың энергия үнемдейтін мінез-құлқына әсер ететін жеке және әлеуметтік-демографиялық факторларды жан-жақты зерттеуге бағытталған; (в) оқушылардың энергия үнемдеу мінез-құлқына ситуациялық және жеке факторлар барынша әсер етеді, әлеуметтік-демографиялық факторларды зерттеу саласында олқылықтар бар; г) оқушылардың энергия үнемдеу мінез-құлқын қалыптастырудағы перспективалар ретінде білім беру бағдарламаларын дамытуды, мемлекеттік саясатты іске асыруды, жане хабардар етуді бөліп көрсету қажет. Мақала халықтың энергия үнемдейтін мінез-құлқын қалыптастыру мәселелерінде білім беру технологияларының мүмкіндіктеріне мүдделі зерттеушілерге, білім беру және энергетика саласындағы мамандарға арналған.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 М. Толысбаева, А. Ирмак, Ж. Утегенова
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.