Органикалық өнімдер нарығы: тенденциялар және даму перспективалары
Қаралымдар: 85 / PDF жүктеулері: 136
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-3-67-77Кілт сөздер:
әлемдік нарық, органикалық өнім, органикалық өнім нарығы, органикалық егіншілік, ауыл шаруашылығыАңдатпа
Мақалада органикалық өнімдердің әлемдік нарығының қазіргі жағдайы қарастырылады. Органикалық өндірістің даму тенденциялары әлемнің 190-нан астам елінде өзекті болып табылады және бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді, өйткені, органикалық өнімдер әртүрлі объективті себептерге байланысты халықтың көптеген топтарында сұранысқа ие. Дамыған елдерде экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығы қарқынды дамып келеді. Бұл нарықтың әлеуеті өте үлкен, оның даму көлемі мен динамикасын сипаттайтын сандар – оған дәлел. Бұл мақалада органикалық өнімдерді өндіру және сату бойынша көшбасшы елдердің негізгі көрсеткіштері, органикалық өндірістердің әлемдік нарығы, сонымен қатар органикалық өнімдерді өндірудегі негізгі мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылады.
Зерттеудің мақсаты қазіргі жағдайда әлемде аграрлық өндірісті дамытуды жетілдіру бойынша теориялық, ғылыми-әдістемелік ережелер мен ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
Мақаланың ғылыми жаңалығы әлемдегі органикалық шаруашылықтың негізгі көрсеткіштерін талдай отырып, лидер-елдерді анықтап, әлемдегі органикалық нарықты бағалай отырып, ұсыныстар беру болып табылады.
Экономикалық талдауда статистикалық көрсеткіштерді салыстырмалы талдау, диаграммалар мен кестелерді құру әдістері қолданылды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Г. Матайбаева, С. Токенова, Г. Кеңес
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.