Қазақстан аймақтарындағы халықтың қоныс аударуының демографиялық процестерін талдау
Қаралымдар: 169 / PDF жүктеулері: 169
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-3-40-54Кілт сөздер:
экономика, халық, аймақ, демография, халықтың қоныс аударуы, көші-қон, урбандалуАңдатпа
Бүгінгі таңда Қазақстанда табиғи жағдайлар мен ресурстардағы айырмашылықтарға, қоныстану ерекшеліктеріне және аумақтың экономикалық даму сипатына, географиялық орналасуына байланысты халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасында теңсіздік байқалады. Зерттеудің мақсаты қазіргі заманғы демографиялық ахуалды талдау, Қазақстан өңірлері бойынша халықтың көбеюі мен қоныстануының шарттары, факторлары мен көрсеткіштері жүйесі болып табылады. Зерттеуде Қазақстандағы қоныстандыру, аймақтық демография және көші-қон мәселелері, сондай-ақ әртүрлі аймақтардағы халық тығыздығының диспропорциясы қарастырылған. Зерттеу жұмысында аймақтық экономикалық жүйелерді тиімді дамытудың заманауи тенденциялары мен принциптері арқылы осы мәселелерді шешу мүмкіндіктері қарастырылған. Зерттеу әдістемесі әдіснамалық жалпылау және жүйелік талдау тұрғысынан негізделеді. Зерттеудің әдіснамалық негізі халықты аймақтарға орналастырудың классикалық және заманауи теорияларын жалпылау, теңгерімді аумақтық даму, халықтың нақты орналасуы, көбеюі, жаһандану және Индустрия 4.0 жағдайында аймақтардың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық әзірлемелері болып табылады. Зерттеу Қазақстан Республикасында 2013 жылдан бастап демографиялық жағдайда, әсіресе жекелеген өңірлердегі ішкі көші-қон процестерінің күшеюі жағдайында елеулі өзгерістер орын алғаны анықталды. Бұл демографиялық және көші-қон өзгерістері аймақтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына, атап айтқанда, шетелге адам капиталының ағынын арттыру арқылы тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, көші-қон процестерінің стихиялық дамуы еңбек ресурстарының теңгерімсіздігін күшейтеді, бұл болашақта қосымша әлеуметтік-экономикалық мәселелерді тудыруы мүмкін. Авторлар халықты ұтымды орналастыру аймақтық экономикалық дамуды басқару мен жоспарлаудың негізгі факторы ретінде анықтайды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 А. Киреева, М. Бектурганова, Ф. Альжанова
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.