Исламдық әлеуметтік қаржының тиімділігі және экожүйе: исламдық қаржы іс жүзінде
Қаралымдар: 142 / PDF жүктеулері: 142
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-4-249-264Кілт сөздер:
Исламдық қаржы, әлеуметтік қаржы, экожүйе, тиімділік, институционалдық қолдауАңдатпа
Исламдық қаржының әлеуеті мен болашағы мәселесі қазіргі уақытта мамандар, мемлекеттік органдар және қаржы сарапшылары арасында белсенді пікірталас туғызуда. Мақаланың мақсаты исламдық әлеуметтік қаржының тиімділігін бағалау және қаржы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Мақалада экономикалық дамуға жәрдемдесу және халықты әлеуметтік мәселелерді шешуге тарту құралы ретінде исламдық қаржы қағидаттарын шағын кәсіпорындарға интеграциялаудың экономикалық және әлеуметтік нәтижелерін бағалауға басты назар аударылады. Сонымен қатар, авторлар шағын кәсіпорындарды қолдауға бағытталған әлеуметтік бастамалардың мемлекеттік әлеуметтік шығындарды азайтуға әсерін зерттейді. Зерттеу барысында Қазақстан мысалында аналитикалық тәсілді пайдалана отырып, қаржыландырудың дәстүрлі және исламдық қағидаттарына негізделген қос қаржы жүйесі бар елдер үшін экожүйенің оңтайлы дизайны әзірленді. Әлеуметтік қаржылық экожүйені құру Исламдық қаржыны қолдана отырып, әлеуметтік саланы жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл азаматтық құқық пен адами негіздерді ғана емес, сонымен бірге ислам құқығының принциптерін қамтитын ережелер арқылы жүзеге асырылады. Қарастырылып отырған механизмдер тұрақты және дамыған қаржы жүйесін құруға мүмкіндік береді және әлеуметтік қамсыздандыру мен қайырымдылыққа басымдық беретін қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен қатар, зерттеудің қорытындысы исламдық қаржының әлеуметтік функцияларын нығайту халықтың осал топтары бар қоғамда кездесетін әртүрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал ететінін және мақсатты әлеуметтік көмек бағдарламаларына мемлекеттік шығындарды азайту жолдарының бірі бола алатынын көрсетеді. Зерттеуде елдің қаржы жүйесіне интеграцияланған исламдық әлеуметтік қаржыны институционалдық қолдауды дамытуды жетілдіру бойынша ұсыныстар қамтылған.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л. Куанова, Н. Ширази, P. Досжан
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.