Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында есепке алуды және талдауды ұйымдастыруға теориялық көзқарас
Қаралымдар: 60 / PDF жүктеулері: 90
Кілт сөздер:
қоғамдық тамақтану, сауда, өндіріс процесі, сауда поцесі, мәзір жоспары, бухгалтерлік есеп, бөлшек тауар айналымы, көтерме сауда айналымы, экономикалық талдау.Аңдатпа
Бұл мақалада қоғамдық тамақтану ұйымдарындағы есепті ұйымдастыру мен
талдаудың теориялық аспектілері қарастырылған. Қазіргі заманғы нарықтық жағдайларда матери-
алдық өндіріс салалары арасында еліміздің халқын жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге
арналған. Қоғамдық тамақтану ұйымдарына жататындар: асханалар, кафелер, кафетерийлер, аспаз-
дық, бар, мейрамханалардың мемлекеттік және жеке болуы мүмкін.
Қоғамдық тамақтану - халық шаруашылығының саласы болып табылады, ол нарықтың қы-
змет атқаратын сферасы. Бұл сфераның өз ерекшелігі бар, ол өндіріс пен сауда элементтерінің
бірігуімен көрінеді.
Әрбір кәсіпорынның жұмыс істеуінің қажетті шарты жалпы бухгалтерлік есепті жүргізу, шару-
ашылық қызметінің фактілері туралы ақпараттарды бақылау, тіркеу, жүйелеу және талдау құралы
ретінде әрекет етуі болып табылады.
Авторлар тамақтанудың ерекшеліктерін және олардың бухгалтерлік есепті ұйымдасты-
руға әсерін анықтаған. Есеп берудің сенімділігін бағалау, ұйымның ағымдағы жай-күйін зерттеу,
сондай-ақ ұйымның болашақтағы дамуын болжау экономикалық талдаусыз есептелмейді. Осыған
байланысты авторлар қоғамдық тамақтану ұйымына олардың қызмет ерекшелігін ескере отырып
талдау жасаған.