Онлайн сатып алу кезіндегі тұтынушылардың мінез-құлқысы мен олардың гендерлік сипаттамаларын біріктірілген талдау


Қаралымдар: 87 / PDF жүктеулері: 98

Авторлар

  • Н. Тулебаева Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
  • Ж. Қожамқұлова Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-126-141

Кілт сөздер:

онлайн сатып алу, жыныс, біріктірілген талдау, тұтынушылық мінез-құлық, маркетинг

Аңдатпа

Сауда секторының цифрлық трансформациясы әлеуметтік және экономикалық өмірдің жаңа жағдайына сәйкес келетін тұтынушылардың мінез-құлқының өзгеруіне әкеледі. Интернет-ортада тауарды сатып алу туралы шешім қабылдауға әсер ететін басым факторларды анықтау үшін тұтынушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу қажеттілігі туындайды. Олардың ішінде тауарларды таңдау мен сатып алуға әртүрлі дәрежеде әсер ететін сатып алушылардың жеке демографиялық сипаттамаларын бөліп көрсетуге болады. Зерттеу әртүрлі аналитикалық құралдар мен әдістерді қолдану арқылы жүргізілді. IBM SPSS STATISTICS статистикалық талдау бағдарламалық құралының көмегімен жиналған деректерді бағалай отырып, интернет-дүкендегі тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу үшін Google Forms сауалнамасы жүргізілді. Зерттелетін айнымалылар арасындағы статистикалық байланысты зерттеуге арналған біріктірілген талдау негізінде екі немесе одан да көп сипаттамалардың көпөлшемді жиілігінің таралуын көрсету әдісі қолданылған. Тәуелсіз айнымалы ретінде гендер, ал респонденттердің интернет-дүкенге деген көзқарасы тәуелді айнымалы ретінде алынды. Бұл әдіс Фишер тесті немесе Пирсон хи-квадрат сәйкестік тесті арқылы екі белгі арасында оң байланыстың болуы туралы мақала авторлары ұсынған бірқатар гипотезаларды тексеру үшін пайдаланылды.

Авторлар тұтынушының бір немесе басқа жынысына қатыстылығының тарату арнасын таңдаумен ешқандай байланысы жоқ деген қорытындыға келді, дегенмен, онлайн-сатып алу кезіндегі маңызды факторларды талдау кезінде олардың әртүрлі жыныстағы тұтынушылардың мінез-құлқысына әсер ететіні анықталды. Зерттеу нәтижелері қолданбалы сипатқа ие: онлайн-сауда кезінде тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу кәсіпкерлерге өздерінің мақсатты аудиториясының қалауын түсінуге және өнімді гендерлік теңдестірілген тиімді жылжыту стратегиясын құруға мүмкіндік береді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тулебаева, Н., & Қожамқұлова, Ж. (2024). Онлайн сатып алу кезіндегі тұтынушылардың мінез-құлқысы мен олардың гендерлік сипаттамаларын біріктірілген талдау . Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 126–141. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-126-141

Журналдың саны

Бөлім

Статьи