Нарықтық экономикадағы стратегиялық мұнай қорларын қалыптастыру мен басқарудағы халықаралық тәжірибе
Қаралымдар: 48 / PDF жүктеулері: 79
Кілт сөздер:
мұнай, (СМҚ), мұнай қорлары, мұнай қоймалары, роялти есебінен мұнай, мұнай қорларын толтыру, резервтерді шығару.Аңдатпа
Соңғы жылдары Қазақстан елдегі стратегиялық мұнай қорын құру қажеттілігі
туралы мәселе барған сайын артып келеді. Себебі, әлемдік мұнай және мұнай өнімдері нарығының
ағымдағы конъюнктурасы (бағаларды хеджирлеу, мұнай өндіруді қысқарту, мұнай экспортының
төмендеуі) стратегиялық мұнай қорларын құруда көптеген мемлекеттер мен жеке компаниялардың
қажеттіліктерінің артуына алып келеді. Бұл мақалада АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, Еу-
ропалық Одаққа мүше елдер сияқты өзінің стратегиялық мұнай қорларын (СМҚ) қалыптастыруда
жетекші елдердің халықаралық тәжірибесін егжей-тегжейлі зерттеуге арналған. Нарықтық эко-
номикадағы стратегиялық мұнай қорларын қалыптастыру мен басқарудың екі негізгі тәсілі қара-
стырылады, мысалы, стратегиялық мұнай қорын сақтау және мұнай кен орындарын резервке қою
үшін резервуарларды салу. Мұнай қорларын құрудың халықаралық тәжірибесін талдау негізінде
Қазақстанда оларды қалыптастыру бойынша ұсынымдар берілді.