Корпоративтік мәдениеттің компанияның тиімді қызмет етуіне ықпалы: бағалау және жетілдіру


Қаралымдар: 105 / PDF жүктеулері: 155

Авторлар

  • А. Бакирбекова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
  • Э. Адиетова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
  • Е. Әбенов Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-4-226-235

Кілт сөздер:

компания, мәдениет, корпоративтік мәдениет,  Денисонның әдіснамасы, тиімді қызмет.

Аңдатпа

 Мақалада корпоративтік мәдениеттің компанияның тиімді қызмет етуінде болатын ықпалы қарастыралады. Компания қызметінде корпоративтік мәдениеттің даму тенденциялары ТМД және әлем мемлекеттерінде өзекті болып табылады және бұл бағыт жыл сайын артып келеді, өйткені, корпоративтік мәдениет әртүрлі объективті себептерге байланысты компания топ басшыларында және менеджментті, қызметті тиімді жүргізуде үлкен мәнге ие. Дамыған елдерде корпоративтік мәдениеттің компания қызметіндегі мәніне байланысты қарқынды дамуда, Мақалада компанияның корпоративтік қызметінің мәні мен мазмұны, компания қызметінің тиімділігі оның корпоративті мәдениетімен тікелей байланыста екендігі анықталып,  «Сбербанк» акционерлік қоғамының еншілес банкінің («Сбербанк» АҚ ЕБ) корпоративтік мәдениетінің даму деңгейі өте жоғары екендігі Денисонның әдіснамасының сауалнама негізінде айқындалды.

Зерттеудің мақсаты: корпоративті мәдениетті және оның компания қызметінің тиімділігіне әсерін ғылыми тұрғыдан зерттеп, оның талдауын жүргізіп, жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды ұсыну қарастырылған. Зерттеу мақсатына сәйкес негізгі міндет белгіленген: корпоративті мәдениеттің компанияның тиімді қызмет етуінің құралы ретінде қарастыру; корпоративті мәдениеттің компанияның тиімді қызмет етуіне ықпалын бағалау; компанияның қызметін арттыру үшін корпоративті мәдениетті жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды ұсыну. Зерттеу нысаны ретінде «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің корпоративтік мәдениетін, оның тиімді қызмет етуіне ықпалы зерттелді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бакирбекова, А., Адиетова, Э., & Әбенов, Е. (2023). Корпоративтік мәдениеттің компанияның тиімді қызмет етуіне ықпалы: бағалау және жетілдіру. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (4), 226–235. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-4-226-235

Журналдың саны

Бөлім

Статьи