К. Жугляр мен С. Кузнецтің циклдерін талдау арқылы елдің экономикалық өсуін болжау (Қазақстан мысалында)
Қаралымдар: 144 / PDF жүктеулері: 509
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-73-87Кілт сөздер:
экономикалық циклдар, экономикалық өсу, К. Жюглар циклы, С. Кузнец циклы, болжау, ғылыми-техникалық прогресс, инновациялық қызмет, ҒЗТКЖАңдатпа
Мақалада К. Жюглар мен С. Кузнецтың циклдері негізінде экономикалық өсудің әлемдегі және ҚР-дағы орта мерзімдік жағдайлары қарастырылған. Еліміздің қазіргі кездегі экономкалық өсуі мен дамуын қамтамасыз етіп отырған негізгі драйверлер анықталған. Орта мерзімде экономикалық өсуді анықтайтын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге талдау жүргізілген. Орта мерзімдік экономикалық цикл типтерінің қазіргі жағдайлары мен даму фазалары анықталған. Экономикалық өсумен қатар, ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері де талданған. Экономикалық өсу, мен экономикалық циклдер ұғымдары бойынша ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалған және бұл ұғымдардың қазіргі кезде практикалық маңызы мен өзектілігі анықталған. Талдау мен бағалау нәтижелеріне және фактілерге негізделе отырып, әрбір фактордың даму дәрежесі сараланған. ҚР-дағы қазіргі және алдағы уақыттағы дамудың негізгі бағыттары анықталып, олардың әсер ету деңгейлері де сараланған. Еліміздің алдағы уақытта экономикалық өсуін қамтамасыз ететін негізгі факторлар анықталып, авторлық көзқараспен дәлелденген. Мақаланың негізгі бөліміндегі бағалау нәтижелеріне, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктеріне, сонымен қатар зерттеу жұмысының теориялық негіздеріне сүйене отырып, еліміздегі орта мерзімдік экономикалық өсудегі тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасалған.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Ә. Төлепов, A. Майдырова, Л. Шаяхметова
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.