Туризм мен қызмет көрсету индустриясында цифрлы технологияларды қолдану
Қаралымдар: 67 / PDF жүктеулері: 61
Кілт сөздер:
Цифрландыру, ғаламтор, инновация, портал, Е-туризм, электрондық резиденттік.Аңдатпа
Ұялы байланыс құралдары мен ғаламторды қолдану арқылы туристік қызмет көрсету саласын
жылжытуды дамыту. Әлемде е-резиденттікті іске асырып отырған бірінші мемлекет болған Эстонияның
тәжірибесі зерделеніп, «электрондық резиденттілік» бағдарламасын іске қосу және сол арқылы шетелден
келуші туристерге елге кіруді оңтайландыру. Туризм саласын цифрландыруға қатысатын стейхолдерлердің
атқаратын міндеттерін қарастыру. Келесі қолданыстағы «Kazakhstan.travel» ұлттық туристік порталының
жұмысын жетілдіру – алдағы қолжетімді іс-шараларға, орналастыру орындарына, тамақтану орындарына
билеттерді онлайн сатып алу және броньдау функциясын жеңілдету, туристерге және басқа азаматтарға
портал арқылы пікір қалдыруға мүмкіндік беретін қызметтерді қол жетімді ету. Бұл өз кезегінде, туризм
саласында қызмет көрсететін ұйымдардың қызметіне талдау жүргізуге және алдағы уақытта оларға көмек
көрсету немесе жылжыту үшін үздіктерді таңдауға мүмкіндік береді. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік
бағдарламасындағы Инновациялық экожүйе.