Қазақстанның жоғары оқу орындарын дербес басқару: миф немесе шындық?
Қаралымдар: 23 / PDF жүктеулері: 9
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-1-101-119Кілт сөздер:
автономия, университет, институционалдық автономия, университеттерді автономды басқаруАңдатпа
Мақалада авторлар Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарын автономды басқаруды кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан реформаларды зерттейді. Университеттердің академиялық еркіндігін қалыптастыруға бағытталған реформалар қазақстандық жоғары оқу орындарының дербес басқарушылық шешімдер қабылдаудағы өкілеттіктерін кеңейте отырып, заңнамалық актілердегі өзгерістерге негіз болды. Сонымен қатар, автордың мақалада қоятын басты мәселесі-университеттер реформалар арқылы академиялық еркіндікке қаншалықты ие болды және басқару, академиялық және қаржылық мәселелерде автономияны қамтамасыз ететін басқару жүйесін өзгертті. Зерттеу университеттерді басқарудағы мемлекеттік бақылауды реттеу процестерін анықтау мақсатында Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды талдауға негізделген. Нормативтік - құқықтық актілерге, қазақстандық жоғары білім туралы эмпирикалық деректерге және ЭЫДҰ мен Дүниежүзілік Банктің Талдамалық есептеріне сүйене отырып, соңғы онжылдықтардағы басқару жүйесінің өзгерістері талданды.
Бұл жұмыста Қазақстандағы жоғары оқу орындарын автономды басқару мәселелері қарастырылған, осы үлгіге көшуге байланысты келешегі мен қиындықтары талданған. Қазақстандық жоғары оқу орындарының қазіргі жағдайын талдауға ерекше назар аударылады.
Авторлар Қазақстанға университеттерді басқарудың ішінара автономды моделі тән деген қорытынды жасайды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мемлекет орталықтандырылған қаржылық бақылауды сақтайды, Ректор мен Директорлар кеңесінің төрағасын тағайындау, университеттердің ұйымдық-құқықтық мәртебесі заңмен бекітіледі.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Е. Игнатова, С. Золотарева, Г. Есенова

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.