Блокчейн технологиясы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру құралы ретінде
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-1-120-139Кілт сөздер:
цифрландыру, технологияландыру, блокчейн, мемлекеттік басқару, мемлекеттік басқарудың тиімділігіАңдатпа
Блокчейн технологиясы жақында халықаралық деңгейде үлкен қызығушылық тудырды. Оның негізгі сипаттамаларына, атап айтқанда деректердің өзгермейтіндігіне, ашықтығына және үнемділігіне байланысты мемлекеттік органдар бұл жаңалыққа назарын күшейтті. Бұл зерттеу мемлекеттік басқару жүйесінде блокчейн технологиясын барынша тиімді енгізу үшін қажетті мүмкіндіктер мен шарттарды анықтауға және талдауға бағытталған. Бұл жұмыс мемлекеттік қызметтің барлық салаларында блокчейн технологиясын қолдану тәжірибесін зерттеуге үлкен мән береді.
Зерттеу әдістемесі теориялық деректерді талдау және зерделеу әдістеріне, сондай-ақ пилоттық блокчейн жобаларын іске асыру үдерісіндегі шет елдердің практикалық тәжірибесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәжірибесін қарастыруға негізделген. Блокчейннің даму процесіне осы факторларды анықтау үшін біз STEP талдауын және SPACE талдауын жүргіздік;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарында блокчейн технологиясын қолдануға азаматтардың көзқарасын түсіну мақсатында зерттеу аясында әлеуметтік сауалнама жүргізілді.
Зерттеу келесі нәтижелерді көрсетті: Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесіне блокчейн технологиясын енгізу процесі белгілі бір перспективалармен қатар кедергілерге толы. Қазіргі уақытта блокчейннің қолданылу аясы әлі де басым түрде фрагменттелген және жергілікті сипатта, сонымен қатар енгізуде, әсіресе мемлекеттік басқару жүйесі контекстінде кейбір техникалық қиындықтар бар.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Ш. Оразгалиева, С. Тажиева

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.