Brent маркалы мұнай бағасы мен қазақстандық теңге/АҚШ доллары (KZT/USD) бағамы арасындағы байланыстың регрессиялық моделі


Қаралымдар: 23 / PDF жүктеулері: 18

Авторлар

  • T. Аканаева Катовицедағы Экономика университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-4-203-217

Кілт сөздер:

«голланд ауруы», Қазақстан, қазақстандық теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамы (KZT/USD), сызықтық регрессия моделі

Аңдатпа

Табиғи ресурстарды, нақты айтқанда энергетикалық ресурстарды жаппай пайдалану және экспорттау қолайсыз экономикалық құбылыстар кешенін тудыруы мүмкін, олардың бірі «голланд ауруы». Зерттеудің мақсаты – Қазақстан «голланд ауруы» валюталық арнасының ықпалынан толық құтыла алмады, яғни Brent маркалы мұнай бағасының ауытқуы ұлттық валютаның АҚШ долларына (KZT/USD) қатысты айырбас бағамының ауытқуын тудырады және белгісіздікті арттырады, бұл сыртқы саудаға және шетелдік инвестициялар деңгейіне одан да үлкен теріс әсер етеді деген гипотезаны тексеру. Әдістері – 3372 бақылауды негізге ала отырып 2012 жылдың 1 қаңтарынан 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Statistica бағдарламалық қамтамасыз етуінде корреляциялық және регрессиялық талдау қолданылды. Нәтижелері – қазақстандық теңге/ АҚШ доллары күнделікті айырбас бағамының уақыттық қатарлары мен Brent мұнайының күнделікті бағасы арасындағы байланысқа эмпирикалық зерттеу жүргізілді, әр-бір жыл бойынша регрессиялық модельдер құрастырылды, оның ішінде бес модель қарастырылып отырған айнымалылар арасында себеп-салдарлық байланыстың болуын көрсетті. Қорытындылар – автор зерттеліп отырған уақыт аралығының белгілі бір кезеңдерінде әртүрлі қарқындылықпен «голланд ауруының» валюталық арнасы Қазақстан экономикасына әсер еткенін тұжырымдайды.

 

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Аканаева, Т. (2025). Brent маркалы мұнай бағасы мен қазақстандық теңге/АҚШ доллары (KZT/USD) бағамы арасындағы байланыстың регрессиялық моделі . Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы, (4), 203–217. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-4-203-217

Журналдың саны

Бөлім

Статьи