Мұнай өңдеу секторындағы инвестициялық қызметтің Қазақстан экономикасына әсері
Қаралымдар: 120 / PDF жүктеулері: 224
Кілт сөздер:
инвестициялық қызмет, инвестициялық жоба, мұнай өңдеу зауыты, мұнайды қайта өңдеу, әсер, мультипликатор, қазақстандық қамту., investment activity, investment project, oil refinery, oil refining, effect, multiplier, Kazakhstani content.Аңдатпа
Мақалада мұнай өңдеу өнімдерін шығаруға арналған өндірісті құру бойынша инвестициялық қызметті іске асырудың әсері қарастырылады. Мұнайды өңдеу кәсіпорындарын салу сатысында көбіне қазақстандық қамтудың үлесі ретінде ел экономикасы үшін жанама әсер етеді. Бұдан басқа, мұнай өңдеу секторының қызметі ұлттық экономика құрылымындағы салааралық теңгеріміне мультипликативті әсер береді. Авторлар мұнай өнімдерін өндіру секторымен неғұрлым өзара байланысты басқа салаларда экономикалық даму орын алатын мультипликативтік әсерлерге назар аудара отыра, бұрын жүргізілген зерттеулердің әртүрлі нәтижелі көрсеткіштерін баяндайды. Мұнай өңдеудегі инвестициялық қызмет қазіргі уақытта Қазақстанда да, әлемдік салалық нарықтарда да белсенді дамып келеді. Зерттеудің мақсаты қосылған құны бар қазақстандық мұнай өңдеу өнімдерін шығару бойынша өндірістерді кеңейту барысында ел экономикасы үшін экономикалық әсерін ашу болып табылады. Мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын № ФЗ 14871274 ғылыми жобаның зерттеу нәтижесі бойынша әзірленді.