Кофеханалардың жарнамалық коммуникацияларын қабылдауды басқару: нейромаркетингтік тәсіл


Қаралымдар: 26 / PDF жүктеулері: 9

Авторлар

  • М. Смыкова Алматы Менеджмент Университеті
  • С. Йолдж Алматы Менеджмент Университеті
  • Н. Сохатская Алматы Менеджмент Университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-3-161-178

Кілт сөздер:

жарнама, нейромаркетинг, саккад саны, фиксация саны, айтрекингтік зерттеулер

Аңдатпа

Экономиканың цифрлануы мен онлайн ортадағы бәсекелестіктің күшеюі жағдайында жарнамалық коммуникациялардың тиімділігін нейромаркетингтік құралдар арқылы талдау өзекті мәселе болып отыр. Мақаланың мақсаты — әлеуметтік желілердегі жарнамалық материалдарды айтрекингтік талдау негізінде жарнаманы қабылдаудың гендерлік ерекшеліктерін анықтау. Зерттеуде Eye Tracker құрылғысы қолданылып, жарнамалық хабарламалардың түрлі визуалды және мәтіндік элементтеріне назар аудару, көзге түсу және қызығушылық тудыру көрсеткіштері тіркелді. Зерттеу нәтижелері ер адамдардың назар аудару және қызығушылық деңгейі әйелдерге қарағанда жоғары екенін көрсетті. Ең үлкен тартылыс жаңа кофехананың ашылуы туралы жарнамада байқалды, бұл сусын дайындау процесін көрсететін жарнамаға қарағанда көбірек қызығушылық туғызды және «баннерлік соқырлық» әсерінің болуын айғақтайды. Сондай-ақ, визуалды контент назарды тезірек аударатыны, ал мәтіндік элементтерге неғұрлым саналы түрде көз жүгіртілетіні анықталды, бұл олардың мазмұндық жағынан мұқият өңделуінің маңыздылығын көрсетеді. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы — гендерлік ерекшеліктер мен көру қабылдауының сипаттарын ескере отырып жарнамалық материалдарды әзірлеу тәсілдерін негіздеуде жатыр. Бұл цифрлық маркетингтің тиімді стратегияларын жасауда пайдалануға болады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Смыкова, М., Йолдж, С., & Сохатская, Н. (2025). Кофеханалардың жарнамалық коммуникацияларын қабылдауды басқару: нейромаркетингтік тәсіл. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 161–178. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-3-161-178

Журналдың саны

Бөлім

Статьи