Қазақстан Республикасының табиғи рекреациялық жүйелерін дамытудағы экологиялық аудиттің рөлі


Қаралымдар: 54 / PDF жүктеулері: 77

Авторлар

  • Ш.Ш. Хамзина
  • Ж.К. Алтайбаева
  • В.П. Шеломенцева

Кілт сөздер:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, табиғи-рекреациялық жүйелер, рекреациялық қызмет, инвестициялар, тиімділік, экологиялық аудит, бағалау әдісі.

Аңдатпа

Мақалада Баянауыл табиғи кешенінде кешенді зерттеулер жүргізу мысалында Қа-
зақстан Республикасының аумақтық табиғи-рекреациялық жүйелерінің (бұдан әрі-АТРЖ) құрамдас
бөлігі ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға экологиялық аудит жүргізу тиімділігінің негізде-
месі келтірілген. Сонымен қатар, экологтар мен экономистердің бірлескен жұмысы барысында жүзеге
асырылатын осындай аумақтардағы техникалық инфрақұрылым мен реакциялық қызметтер сапасының
аудитімен бірге экологиялық аудит жүргізу негізінде АТРЖ-ні дамытуға тартылатын инвестициялардың
экологиялық тиімділігін қамтамасыз ету тәсілі қарастырылады. Қорғалатын табиғи аймақтың экологи-
ялық бағалауының мысалы ретінде Баянауыл табиғи паркіндегі зерттеу деректері ұсынылған. Сонымен
қатар, экологиялық аудит жүргізу рәсімдерін сипаттау тұрғысынан табиғатты пайдалану саласындағы
қатынастарды реттейтін заңнамалық база талданды. Зерттеу бірегей табиғи аймақтардың флорасы мен
фаунасын сақтау үшін экологиялық аудит жүргізу қажеттілігін негіздеу, сондай-ақ АТРЖ-ні дамыту
үшін инвестициялардың экологиялық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-18

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Хамзина, Ш. ., Алтайбаева, Ж. ., & Шеломенцева, В. . (2023). Қазақстан Республикасының табиғи рекреациялық жүйелерін дамытудағы экологиялық аудиттің рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1). Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/139

Журналдың саны

Бөлім

Статьи