Қазақстандағы табыс теңсіздігінің детерминанттары: біліммен қамтылу, кәсіпкерлік және цифрлық трансформацияның әсерін эконометриялық модельдеу


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Г. Даулиева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Д. Тураров әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Ә. Сағынбай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-3-38-55

Кілт сөздер:

табыс теңсіздігі, кәсіпкерлік белсенділік, жоғары біліммен қамтылу, нақты жалақы, цифрлық инфрақұрылым

Аңдатпа

Қазақстандағы табыс теңсіздігі әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Зерттеудің мақсаты – кәсіпкерлік белсенділік, жоғары біліммен қамтылу, нақты жалақы және цифрлық инфрақұрылым көрсеткіштерінің табыс теңсіздігімен байланысын эконометриялық әдістер арқылы бағалау. Әдістері – талдау 2004–2025 жылдар аралығындағы ресми статистикалық деректерге негізделді. Тәуелді айнымалы ретінде Джини коэффициенті, ал тәуелсіз айнымалылар ретінде халықтың 1000 адамына шаққандағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны, жоғары біліммен қамтылу көрсеткіші, 2025 жылғы тұрақты бағаларға келтірілген нақты орташа айлық жалақы және интернет пайдаланушылар үлесі қолданылды. Зерттеуде сызықтық, жартылай логарифмдік және толық логарифмдік модельдер бағаланып, уақыттық қатарлардың стационарлығы мен модельдердің диагностикалық сипаттамалары тексерілді. Нәтижелер жоғары біліммен қамтылу көрсеткішінің барлық модельдерде Джини коэффициентімен оң және статистикалық мәнді байланыс көрсеткенін анықтады. Нақты жалақы сызықтық және жартылай логарифмдік модельдерде теріс байланыс көрсетті, ал интернет пайдаланушылар үлесі осы модельдерде оң және статистикалық мәнді болды. Қорытындылар – кәсіпкерлік белсенділіктің статистикалық мәнді байланысы толық логарифмдік модельде байқалды. Алынған нәтижелер қарастырылған көрсеткіштер мен табыс теңсіздігі арасындағы байланыстың модель спецификациясына тәуелді екенін көрсетті.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Даулиева, Г., Тураров, Д., & Сағынбай, Ә. (2026). Қазақстандағы табыс теңсіздігінің детерминанттары: біліммен қамтылу, кәсіпкерлік және цифрлық трансформацияның әсерін эконометриялық модельдеу. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы, (3), 38–55. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-3-38-55

Журналдың саны

Бөлім

Статьи