Қалдықтан – капиталға: Орталық Азиядағы (Қазақстан, Өзбекстан) циркулярлық маркетинг - Түркия тәжірибесімен салыстырмалы институционалдық талдау
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-3-167-182Кілт сөздер:
жасыл экономика, циркулярлық экономика, қалдықтарды басқару, жасыл брендинг, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі (ӨКЖ), тұтынушылық лоялдылық, салыстырмалы институционалдық талдауАңдатпа
Зерттеудің мақсаты – Орталық Азиядағы (Қазақстан, Өзбекстан) циркулярлық маркетинг тәжірибелерін Түркияның институционалдық-технологиялық тәжірибесімен салыстырмалы талдау. Мақала экономика, маркетинг және экологиялық саясат саласындағы зерттеушілерге, сондай-ақ «жасыл» брендинг стратегияларын әзірлейтін мемлекеттік органдар мен бизнес-практиктерге арналған. Зерттеудің теориялық негізін институционалдық экономика, инновацияға негізделген өсу теориясы, циркулярлық экономика және жасыл маркетинг тұжырымдамалары құрайды.
Әдістер – Дүниежүзілік банк, GreenEdge, KPMG және OECD есептеріндегі деректерді синтездеу, жүйелеу және салыстырмалы институционалдық талдау.
Нәтижелер Қазақстанның жаңа Экологиялық кодексі шеңберінде қалыптасқан реттеу тетіктерінің Түркияның «Нөлдік қалдық» бағдарламасы аясында жинақталған коммуникациялық және технологиялық тәжірибесімен үйлесетінін көрсетті. Түркияның тәжірибесі циркулярлық тұтынуды ынталандыру, экологиялық жауапты брендтерді ілгерілету және қалдықтарды басқару қағидаттарын маркетингтік стратегияларға енгізу үшін практикалық маңызға ие. Сонымен қатар Қазақстан, Өзбекстан және Түркия арасындағы маркетингтік технологиялар трансферті мен институционалдық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары анықталды.
Қорытындылар – циркулярлық маркетинг Орталық Азия нарығының тұрақты дамуының негізгі драйверлерінің бірі болып табылады. Аймақтық эко-ритейлді дамыту, жасыл коммуникацияларды күшейту және Түркияның тәжірибесін бейімдеу бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Г. Тулешова, А. Ашикбаева, Шемсеттин Чигдем

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.





