Қонақ үй бизнесінде персоналды басқарудың заманауи жүйесі
Қаралымдар: 85 / PDF жүктеулері: 210
Кілт сөздер:
қонақ үй бизнесі, қонақ үй кәсіпорнының бәсекеге қабілеттілігі, персоналдың маркетингі, кадрлардың ағындылығы, персоналды іріктеу және бейімдеу, корпоративтік мәдениет.Аңдатпа
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика шарттарында кез келген өндірістің әле-
уметтік-экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи персоналды басқару нысандарын
практикалық қолдану мәселелері ерекше маңыздылыққа ие болып отыр. Қызметтер саласы кәсіпорны жұ-
мысының табысын 99%-ға персонал қамтамасыз етеді. Персоналды басқарудың басты мақсаты ұйымның
зияткерлік ресурстарын, оның адами капиталын жоғары тиімділікпен қалыптастыру, дамыту мен іске асыру
болып табылады.
Жыл сайын Қазақстан Республикасының қонақ үй нарығында орналастыру қызметтерін көрсететін он-
даған жаға кәсіпорын пайда болады. Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарындағы сервис деңгейі пер-
соналдың дайындығы мен практикалық тәжірибе деңгейіне тікелей байланысты, сондықтан қонақ үй кәсіпо-
рындарының тұрақты дамуы үшін персоналды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру қажет.
Мақалада қонақ үй кәсіпорнының бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін негізгі факторлар көрсетілген,
олардың бірі кадрлық қамту процесі болып табылады. Персоналды басқарудың заманауи жүйесінде жұмы-
скердің тұлғасына, ынталандыру біліміне, оларды қалыптастыру және жұмыскерлердің әрекетін ұйым ал-
дында тұрған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес айқындауға басты назар аударылады. Бұл ретте тұтынушы-
лардың қонақ үй кешеніне бейілділігін арттыратын дамыған корпоративтік мәдениеттің болуы аса маңызды
болып отыр.
Қонақ үй кешенінің персоналын басқару жүйесін заманауи қалыптастыру нарықтық экономикада қажет
болып отыр және персоналды таңдаудан, оны бейімдеуден, маңсаптық өсу кезеңіне дейін (жұмыскерді іл-
герілету) оқыту сияқты ауқымды мәселелерді қарастыру өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың теориялық құндылығы адами ресурстарды сауатты басқарусыз мүмкін емес екенінен көрінеді,
қонақ үй кәсіпорнының тиімді дамуы мүмкін емес. Практикалық құндылығы отандық қонақ үйлердің аталған
мақалада әзірленген ұсынымдарды пайдалану мүмкіндігінен көрініс табады.