Туристік ұйымдардағы қаржылық талдау мәселелері


Қаралымдар: 87 / PDF жүктеулері: 174

Авторлар

  • Р.Қ. Конуспаев
  • Т.Ж. Демесінов

DOI:

https://doi.org/10.32523/2079-620X-2019-2-87-96

Кілт сөздер:

туризм, қаржылық талдау, факторлы талдау, турагент, туроператор, пайда, нарық

Аңдатпа

Мақалада кәсіпорындағы қаржылық талдау мәселелері зерттеліп, туристік ұй-
ымдардағы ерекшелігі анықталды, туристік қызметтің операциялық сегменттері бойынша пайда-
лылықты зерттеу ерекшеліктері талданды. Жалпы факторлы модельдеудің қағидаларын пайда-
ланып, туроператорлық қызмет көрсететін ұйымдарға және турагенттер үшін факторлы модель
жасалды. Аталған модель негізінде сатудың жалпы түсімінің көлеміне факторлардың жиынтықты
әсері есептелді. Туризм ұйымдарының туристік қызметтерді өткізу мысалында сату түсімін бағалау
және болжау көрсеткендей, тәжірибелік қызмет шеңберінде қарастырылған әдістер кешені қысқа
мерзімде сату түсімін басқару міндеттерін орындауға мүмкіндік береді. Турагенттік қызметпен ай-
налысатын ұйымдарда туроператорды таңдау кезінде өздерінің қызметі шығынсыз бола алатын ко-
миссияның минималды деңгейін анықтау мәселесі зерттеліп, туристік өнімді өткізуден маржиналды
кірістің және туризм ұйымдарының операциялық қызметіндегі жанама шығындардың жоспарлы
ағымдары қарастырылды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-21

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Конуспаев, Р. ., & Демесінов, Т. . (2023). Туристік ұйымдардағы қаржылық талдау мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (2), 87–96. https://doi.org/10.32523/2079-620X-2019-2-87-96

Журналдың саны

Бөлім

Статьи