Кәсіпкерлік құрылымдардың инновациялық әлеуеті: түсінігі, қадамдары мен оны жобалау әдістері


Қаралымдар: 61 / PDF жүктеулері: 74

Авторлар

  • А.М. Саденова
  • С.А. Рахимова

DOI:

https://doi.org/10.32523/2079-620X-2019-2-138-150

Кілт сөздер:

инновациялық әлеует, жобалау, ресурстар, инновациялық үрдіс, инновациялық бағдарланған кәсіпкерлік құрылымдар.

Аңдатпа

Бұл мақалада «инновациялық әлеует» ұғымының анықтамаларын талдау негізінде
авторлық анықтама берілген. Инновациялық әлеуеттің құрылымы ұсынылған. Еліміздің иннова-
циялық әлеуетін өлшеу индексі ұсынылды. Авторлар инновациялық әлеуетті жобалаудың ресур-
стық-үдерістік тәсілін әзірлеп, ұсынды. Ресурстық тәсіл мен үдерістік тәсілді үйлестіретін матрица
әзірленіп, оның ресурстары ретінде: материалдық, кадрлық, қаржылық, ақпараттық ұсынылады.
Үдерістік тәсіл - инновациялық процесті кезең-кезеңмен қалыптастыруды көздейді, бұл әсерлердің
одан әрі синергиясымен экономикалық нәтиже алуға және кезеңдер бойынша жеке, сол сияқты жал-
пы үрдіс бойынша нәтиже алуға мүмкіндік береді. Осы екі тәсілдің комбинациясы инновациялық
әлеуетті жобалау үшін негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Инновациялық әлеуетті бағалау
мен жобалаудың рөлі көрсетілген. Авторлар өндірістің жоғары технологиялық түрлерінің иннова-
циялық әлеуетін жобалауды ұсынды. Инновациялық әлеуетті жобалауға қатысы бар сыртқы шарт-
тар мен ресурстар көрсетілді. Инновациялық әлеуетті жобалаудың негізгі бағыттары: ғылыми-зерт-
теу, технологиялық, ұйымдастыру-өндірістік, маркетингтік, өсімін көбейту. Жобалаудың негізгі
критерийлері: нәтижелілік, тиімділік, жаңа мүмкіндіктер мен перспективаларды іздеу, ішкі әлеуетті
үнемі өсіру; сыртқы ортамен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктері мен жолдарына сүйене отырып
стратегиялық дамуды іздеу ұсынылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-23

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Саденова, А. ., & Рахимова, С. . (2023). Кәсіпкерлік құрылымдардың инновациялық әлеуеті: түсінігі, қадамдары мен оны жобалау әдістері. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (2), 138–150. https://doi.org/10.32523/2079-620X-2019-2-138-150

Журналдың саны

Бөлім

Статьи