Ақмола облысы бойынша МЖӘ жобаларының тиімділігін талдау


Қаралымдар: 199 / PDF жүктеулері: 249

Авторлар

  • C. Рейдолда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А. Бержанова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • C. Азылканова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2022-4-11-25

Кілт сөздер:

мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, МЖӘ жобаларына тартылған инвестициялар, МЖӘ институционалдық тәсілі, МЖӘ келісім-шарттық тәсілі, салыстырмалы талдау, динамикалық талдау, құрылымдық талдау.

Аңдатпа

Мақалада Ақмола облысы бойынша 2017-2020 жылдар аралығында жүзеге асырылған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының динамикасына, құрамы, құрылымын талдау және корреляциялық-регрессиялық талдау жасалған. Зерттеудің мақсаты - Ақмола облысы бойынша жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына динамикалық-құрылымдық және корреляциялық-регрессиялық талдау жасау арқылы қай кезеңде жобалары санының өзгергенін және өзгеру себептерін, сондай-ақ өңірдің дамуына әсерін анықтау болып табылады. Зерттеу барысында салыстырмалы талдау, динамикалық қатарларды талдау, қатыстық көрсеткіштерді есептеу, салыстыру, корреляциялық-регрессиялық, дисперсиялық талдау және болжау әдістері қолданылды. Талдау нәтижесінде Ақмола облысы бойынша 2017-2020 жылдар аралығында жалпы 76 жоба ұсынылған және оның 52 жобасы ғана жүзеге асырылып жатыр. Республикалық деңгеймен салыстырғанда Ақмола облысы бойынша ұсынылған жобалар 5.58% үлесті құрап отыр. Сондай-ақ 2018 жылы ең көп жоба жүзеге асырылған, яғни 27 жоба және 2017 жылмен салыстырғанда 3.5 есеге өскені байқалды. Негізгі қарастырылған салалардың ішінде денсаулық сақтау саласы бойынша ең көп жоба жүзеге асырылғандығы анықталды және оның үлесі 4.3% құраған. Сонымен қатар ауылшаруашылығы сала бойынша ең аз жоба жүзеге асырылған және оның үлесі 0.08% құраған. Корреляциялық талдау нәтижесі бойынша білім беру саласы бойынша МЖӘ тартылған инвестиция мен ЖӨӨ арасындағы корреляциялық коэффициент 0,6 және өзге салалар бойынша МЖӘ тартылған инвестициялармен ЖӨӨ арасындағы  корреляциялық коэффициент 0,57 тең болып отыр. Регрессиялық талдау нәтижесі бойынша зерттеліп отырған нәтижелі көрсеткіш пен факторлық көрсеткіш арасында орташа тығыз байланыс бар және Rмәні 0,6 аз болғандықтан модель сызықтық емес сипатта болуы мүмкін. көрсеткіштің маңыздылығы 0,75 және Р мәні нәтижелі және факторлық көрсеткіштер үшін 0,05 үлкен, демек факторлық көрсеткіштер нәтижелі көрсеткішке елеулі әсер етпейді.

Қорыта келгенде, Ақмола облысы бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару және өзге де келісім-шарт негізінде жасалған, сондықтан заңмен ұсынылған басқа да келісім-шарт түрлерін қолдану, сонымен қатар өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және коммуналдық қызмет саласы бойынша жобалардың ұсынылуына және осы салалар бойынша инвестиция тартуға назар аудару қажет

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Рейдолда S., Бержанова, А., & Азылканова S. (2022). Ақмола облысы бойынша МЖӘ жобаларының тиімділігін талдау. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (4), 11–25. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2022-4-11-25

Журналдың саны

Бөлім

Статьи