Қызмет көрсету саласындағы кәсіпорын инновацияларының дамуы
Қаралымдар: 76 / PDF жүктеулері: 176
Кілт сөздер:
қызмет, инновация, инновациялық қызмет, инновациялық даму, инновациялық белсенділік, инвестиция.Аңдатпа
Қызмет көрсету саласы ХХІ ғасырдың әлемдік экономиканың дамуына
әсер ететін маңызды сала болып табылады. Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету саласының қазіргі инновациялық деңгейі, кәсіпорын мен ұйымдардың инновациялық даму және ұйымдастырушылық мәселелері қарастырылған. Атап
айтқанда, авторлар Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету саласына инновацияны енгізудің негізгі мәселелері ретінде кәсіпорынның өз қаражатының жетіспеушілігі мен инновация құнының жоғары болуы деп есептейді. Сондықтан, қызмет көрсету
саласына инвестиция тарту үшін маркетингтік, ұйымдастырушылық және экологиялық жағдайын жақсарту мәселелерінің қажеттілігі туралы айтылады. Өз кезегінде, кәсіпорынның инновациялылығы, қазіргі кездегідей ғылыми зерттеуге жұмсалатын
қаржы көлемімен емес, жалпы еңбек өнімі мен кәсіпорынның бір адамға бөлгенде тапқан
жылдық пайдамен есептелу қажеттілі қарастырылған.