Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
Қаралымдар: 227 / PDF жүктеулері: 592
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2022-4-143-151Кілт сөздер:
мемлекеттік реттеу, ауыл шаруашылығы, қолдау шаралары, субсидиялар, кооперативАңдатпа
Қазақстан үшін аграрлық сектордың дамуы стратегиялық болып табылады. Елдің азық-түлік қауіпсіздігі агроөнеркәсіптік кешеннің жағдайына байланысты. Бұл мақалада агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі қарастырылған. Шет елдердегі ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың формалары мен әдістерінің жіктелуі зерттеліп, ол үш бағытта қарастырылған: ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді тарифтік қорғау, агроөнеркәсіптік кешенді ішкі қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын қолдау. Мақалада дамыған елдерде агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың күрделі және көп факторлы жүйесі бар екені айтылған. Ауыл шаруашылығын қолдаудағы халықаралық реттеу сипатталған. Мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесін Қазақстанға бейімдеу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал ететін әмбебап типті немесе тауарлардың жекелеген түрлеріне мамандандырылған көтерме азық-түлік нарықтарын құру бойынша ұсыныстар берілген. Агроөнеркәсіптік кешендегі интеграциялық процестердің қажеттілігі дәлелденген.