Бәсекеге қабілеттілік жағдайында кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын қалыптастыру
Қаралымдар: 71 / PDF жүктеулері: 70
Кілт сөздер:
маркетинг, стратегиялық маркетинг, туристік кәсіпорындар, бәсекеге қабілет- тілік, туристік нарық, шығындарАңдатпа
Аталмыш мақалада туризм мен қонақжайлық сферасындағы кәсіпорындардың
бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін құрал ретіндегі маркетингтік стратегия негізінде туристік
саланың дамуына зерттеудің теориялық және практикалық бағыттары қарастырылған.
Мақалада туристік қызметтерді көрсететін кәсіпорынның болашақтағы ұзақмерзімділігін
анықтау үшін, оның алдағы уақытта сұранысты мақсатта пайдаланылатын маркетингтік стратегия-
ны дамыту қажеттілігі қарастырылған және негізделген.
Маркетингтік стратегия қалыптастыру, туризм сферасындағы кәсіпорынның бәсекеге қа-
білетті басымдылығын анықтау үшін, ал нақты айтатын болсақ, сапалы қызмет көрсетуде әлемдік
нарықта туристік қызметтер мен оның бәсекеге қабілеттілігіне маңыздылық жасалады.
Мақалада Қазақстанның туристік саласының қазіргі жағдайына талдау жасалынған және
жаһандану жағдайында аталмын саланы дамыту мәселелері мен басымдылықтарын анықтайтын
негізгі факторлар анықталған. Сонымен қатар, осы мәселелерді қалпына келтіру үшін, туризм са-
ласында қызмет көрсететін кәсіпорындар үшін маркетингтік стратегияны қалыптастыру бойынша
ұсыныстар жасалынған.