Қазақстан Республикасында мемлекеттік жекешелік әріптестік негізінде кәсіпкерлікті инновациялық дамыту механизмінің тиімділігін анықтау
Қаралымдар: 89 / PDF жүктеулері: 135
DOI:
https://doi.org/10.32523/2079-620X-2021-2-79-90Кілт сөздер:
даму институттары, инновациялық гранттар, стартап, кластер, корпоративтік инновациялар нарығын, әріптестік, кәсіпкерліктің инновациялық дамуы.Аңдатпа
Қазақстан Республикасы экономикасын тұрақты дамытудың негізгі механизмдерінің бірі мемлекеттік жекешелік әріптестік (МЖӘ) болып саналады. Даму
институттары мен экономиканың әртүрлі саласындағы кәсіпкерлердің өзара тиімді
әріптестігі арқылы Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін дамытуға, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға болады.
Авторлар бұдан бөлек кәсіпкерлер мен даму институттарының басты міндеттері
мен негізгі мақсатын қарастырып, сызба сурет арқылы Қазақстанда МЖӘ негізінде
кәсіпкерлікті инновациялық дамытуға жауапты ұйымдардың қызметі нәтижесінде
ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін әзірледі.
Елдің экономикалық дамуына мемлекет пен кәсіпкерліктің әріптестігі оң әсер беретін
құбылыс екендігі туралы нақты дәлелдер мен көзқарастарын мемлекеттік бағдарламалар, заңдарды басшылыққа ала отырып келтірілген.
Соңғы уақыттарда кәсіпкерліктің инновациялық даму қызметтін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасында қабылданып, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік
бағдарламалар мен бірқатар нормативті-заңды құжаттар қарастырылды.
Авторлардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде мемлекет пен кәсіпкерліктің
әріптестігі арасындағы қарым-қатынас негізінде кәсіпкерліктің инновациялық даму
үдерісінің жаңа механизмдері мен бағыттары анықталды
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.