Қонақ үй қызметтерін тұрақты дамыту саласындағы экономикалық-экологиялық аспектілерінің мәселелері
Қаралымдар: 56 / PDF жүктеулері: 179
Кілт сөздер:
туризм, туризмнің тұрақты дамуы, қонақ үй индустриясы, жасыл туризм, жасыл қонақ үйлер, экологиялық жауапкершілікАңдатпа
Соңғы онжылдықта әлемдік экономикада туризм және қонақжайлылық индустри-
ясының тұрақты дамуының жаңа үрдістері байқала бастады. Бірінші кезекте бұл жасыл экономика
және жасыл туризм жағдайында экологиялық жауапты қонақ үйлерді ғылыми тұрғыдан практикаға
енгізу және зерттеу тұжырымдамаларын қалыптастыруға жатады. Мақалада туризмнің тұрақты
дамуының өзекті мәселелері, тұтас менеджменттің қазіргі заманғы бағыттарының бірі ретінде
экологиялық жауапкершілік мәселелері қарастырылады. Проблеманы әзірлеу дәрежесіне библи-
ографиялық шолу жүргізу нәтижесінде, аталмыш тақырып сараптамасының шетелдік тәжірибесі
зерттелді, атап айтқанда, қонақжайлылық индустриясындағы «жасыл қонақ үйлерді» дамыту мәсе-
лелері, «жасыл қонақ үйлердегі» экологиялық ортаны жақсарту мақсатында қолданылатын әдістер,
қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының тұрақты дамуына әсер ететін факторлар зерттел-
ді.
Мақалада туризм және қонақжайлылық саласындағы экологиялық аспектілері мен экологи-
ялық жауапкершілік ерекшеліктеріне көңіл бөлінген.