Ет өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар – Қазақстанның аграрлық секторының бәсекеге қабілеттілігінің өсу факторы
Қаралымдар: 79 / PDF жүктеулері: 152
DOI:
https://doi.org/10.32523/2079-620X-2021-1-8-19Кілт сөздер:
инвестиция, инвестициялық ахуал, инвестициялық саясат, қайтарымдылық мерзімі, бәсекеге қабілеттілік, аграрлық сектор, ет өнімі, мемлекеттік қолдау, ауылшаруашылық тауарын өндірушілер, негізгі капитал.Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстандағы ет өңдеу кешенін дамыту мақсатында инвестициялау саласындағы аграрлық саясаттың негізгі бағыттары көрсетілген. Қазіргі уақытта елдің ет өңдеу өнеркәсібі
өнімділігінің төмен болуына, өнімнің өзіндік құнына жоғары шығындарға, тігінен интеграцияланған
құрылымдарды, оның ішінде кооперативтерді қалыптастырудағы заңнамалық базаның жетілмегендігіне байланысты жекелеген тамақ өнімдері бойынша ішкі нарықты жеткілікті қамтамасыз етпейді.
Өкінішке орай, елдің аграрлық секторында инвестициялық әлеует толық көлемде пайдаланылмайды,
мал шаруашылығы саласында бірлескен өңіраралық инвестициялық жобалар аз, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы орта құрылмаған, зерттелетін секторда инфрақұрылым мен
инновациялық кәсіпорындарды дамытуға инвестициялық салымдар үлесінің төмендігі байқалады. Нарықтық жағдайда аграрлық өнімнің, оның ішінде мал шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігі шешуші
мәнге ие болады. Агроөнеркәсіптік өндіріс практикасына шаруашылық жүргізуші субъектілердің кооперациясын енгізу бәсекеге қабілетті және экологиялық таза өнім өндірісін арттыруға мүмкіндік береді,
шаруашылық жүргізудің шағын нысандарының кірісін арттырады. Бұл міндеттерді шешу аграрлық
өнімнің, оның ішінде мал шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, яғни ЕАЭО елдері мен
алыс шетелдердің аграрлық нарықтарында ауыл шаруашылығы өндірушілерінің орнықты ұстанымдарын қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.