Агроөнеркәсіптік кешенінің және ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы: аймақтық-қолданбалы аспект
Қаралымдар: 117 / PDF жүктеулері: 141
DOI:
https://doi.org/10.32523/2079-620X-2021-1-98-107Кілт сөздер:
тұрақты даму, агроөнеркәсіптік кешен, ауылдық аумақтар, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік қолдау бағдарламалары, жалақы, ЖІӨ, корреляциялық-регрессиялық талдау.Аңдатпа
Мақалада агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды мысалға алып, олардың
даму деңгейі мен тұрақтылығының санаттары қарастырылған. Аудиттің triple bottom line тәсілі және
бірдей нәтижелік көрсеткіштеріне негізделген тұрақты дамуды бағалау әдістері көрсетілген. Еуропалық
Одақ елдерінің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы мен
ауыл аумақтарын мемлекеттік қолдау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі тәжірибесі ұсынылды, соның негізінде даму бағдарламаларын басқарудың екі тәсілі анықталды.
Зерттеу қолданбалы сипатқа ие және бес жылдық кезеңдегі Алматы облысын мысалға алып, аймақтың
агроөнеркәсіптік кешені мен ауылдық аумақтарының тұрақты даму тенденцияларын сипаттайтын көрсеткіштерді талдау нәтижелерін қамтиды. Анықталған тенденциялар ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту және аймақтағы ауылдық кластерді қалыптастыруда ауыл шаруашылығын дамытудың басым мәнге ие екенін көрсетеді. Берілген салаларда мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру тәсілін
үйлестірілген мемлекеттік басқару жағына трансформациялау қажеттілігі негізделді. Кейіннен Өңірлік
даму бағдарламаларында көрсету мақсатында ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі нысаналы индикаторлар мен тоғыспалы іс-шараларды «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2022-2027 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» енгізу ұсынылды
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.