Аймақтың әлеуметтік-экономикалық бақылау көрсеткіштері жүйесін анықтаудағы әдістемелік амалдар


Қаралымдар: 100 / PDF жүктеулері: 142

Авторлар

  • В.П. Шеломенцева
  • С.В. Беспалый
  • Е.А. Ифутина

DOI:

https://doi.org/10.32523/2079-620X-2021-1-128-139

Кілт сөздер:

бақылау, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалау, инновациялық дамудың рейтингі, аймақтық экономикалық саясат, әлеуметтік саясат, ғылыми-техникалық саясат.

Аңдатпа

Аймақты басқаруға жауапты мемлекеттік билік органдарының шешетін маңызды мәселесі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының тиімді мониторинг жүйесін жасау, оның себебі аймақтағы үдерістерге әсер ететін негізгі көрсеткіштердің жағдайы мен динамикасы жайлы ақпараттың
жетіспеушілігі болып табылады.
Бұл мақалада әртүрлі елдерде аймақтық деңгейде аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін талдау және бағалауға арналған зерттеулер қарастырылды. Мақалада аймақтың дамуын бағалайтын
зерттеулердің түрлі аспектілері баяндалған: көрсеткіштер жүйесі, ақпараттың мүмкін дереккөздері, өңдеу әдістері және нәтижелері.
Көптеген елдерде әлі күнге дейін аймақ деңгейінде әлеуметтік-экономикалық үрдістердің өзгерісі туралы сенімді ақпараттардың жетіспеушілігі байқалады, сондықтан осы мақалада әртүрлі зерттеулердің
тәжірибесі жинақталды, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жүйесіне авторлық
көзқарас ұсынылды.
Осы мақалада аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау мен мониторингілеу бойынша түрлі әдістемелерді талдау негізінде көрсеткіштердің жеті тобы бойынша аумақтың дамуын бағалауды қарастыратын аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мониторингтеу жүйесі ұсынылды.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалау саласындағы зерттеулерді талдау үшін салыстырмалы талдау және жинақтау, статистикалық талдау әдістері қолданылды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шеломенцева , В. ., Беспалый, С. ., & Ифутина, Е. . (2023). Аймақтың әлеуметтік-экономикалық бақылау көрсеткіштері жүйесін анықтаудағы әдістемелік амалдар. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 128–139. https://doi.org/10.32523/2079-620X-2021-1-128-139

Журналдың саны

Бөлім

Статьи