«Дедолларизация» саясатының ұлттық экономикаға әсері: артықшылықтары мен кемшіліктері
Қаралымдар: 96 / PDF жүктеулері: 121
DOI:
https://doi.org/10.32523/2079-620X-2021-1-191-200Кілт сөздер:
дедолларизация, ұлттық валюта, есеп айырысулар, валюта бағамдарының ауытқуы, депозиттік салымдар, банктік салымдар.Аңдатпа
Ел экономикасының долларға тәуелділігі валюта нарығының құбылмалылығының негізгі факторы ретінде қарастырылып, халықтың ұлттық валютаға деген
сенімін жоғалту қаупін тудырады. Бұл орайда, мемлекеттің дедолларизация саясатын
жүргізуі елдегі есеп айырысу мен валюталық операциялардағы ұлттық валютаның ролін
нығайту жолындағы басты қадамдардың бірі болып табылады.
Мақаланың мақсаты – дедолларизация саясатының негізгі себептерін анықтау, бұл
үрдістің ел экономикасына әсерлерінің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін
талдау, оның елге алып келетін негізгі салдарын анықтау, валюта бағамдарының өзгермелілігінің бұл үрдіске әсер етуі және халық пен корпоративті сала өкілдерінің салымдарды жасаудағы ұлттық валютаға деген қызығушылық пен сенімділік деңгейін
талдау. Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталар бағамдары мен депозиттік салымдар
бойынша соңғы статистикалық мәліметтері пайдаланылып, әлемдік COVID-19 пандемиясының ҚР ұлттық экономикасы мен ұлттық валютасы теңгенің тұрақтылығына
тигізген әсері талқыланды. Зерттеу барысында дедолларизация саясатының салдарынан
пайда болған проблемалар анықталды. Мемлекеттің дедолларизация саясатының құбылмалы валюталық бағамдар мен доллардың халықаралық валюта нарығындағы нық
позициясы жағдайында максималды тиімділігін қамтамасыз етуге кейбір негізгі ұсыныстар жасалды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.