Евразиялық экономикалық одақ жағдайында Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы тауарларының бәсекеге қабілеттілігін анықтау


Қаралымдар: 71 / PDF жүктеулері: 59

Авторлар

  • Р.С. Жусупов
  • И.Д. Ашимова
  • А.С. Бақтымбет

DOI:

https://doi.org/10.32523/2079-620X-2020-4-66-74

Кілт сөздер:

бәсеке, бәсекеге қабілеттілік, таза сауда индексі, сыртқы сауда, экспорт, импорт

Аңдатпа

Мақалада ЕАЭО жағдайында Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы тауарларының бәсекеге қабілеттілігі және оның тиімділігін анықтауға талдау жүргізілді. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасының
арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін және оның тиімділігі анықталды. Ол
үшін аталған елдердің ауыл шаруашылығы тауарларының экспорты мен импортының көрсеткіштері
негізге алғынған (тірі жануарлар, ет және балық өнімдері, сүт және жұмыртқа өнімдері, жемістер мен
көкөніс өнімдері, дәнді дақылдар мен ұн өнімдері, жануарлар немесе өсімдік майлары, қант және қант
кондитерлік өнімдері, макарон өнімдері мен сусындар, спирт және сірке суы, мал азығы өнімдері. Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларының бәсекеге қабілеттілігінің жай-күйін негізге ала отырып,
қазіргі уақытта қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдері бойынша сыртқы сауда саласында анықталған
артықшылықтар таза сауда индексі көрсеткіштері арқылы есептелді. Таза сауда индексі бойынша Ресей
нарығында Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері ішінен жоғары бәсекеге қабілетті ұн өнімі болса,
Беларусь Республикасы нарығында жоғары бәсекеге ие ұн және көкөніс өнімдері болды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-02-02

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жусупов R. ., Ашимова I. ., & Бақтымбет A. . (2023). Евразиялық экономикалық одақ жағдайында Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы тауарларының бәсекеге қабілеттілігін анықтау. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (4), 66–74. https://doi.org/10.32523/2079-620X-2020-4-66-74

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)