Экономиканың дамуындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің рөлі мен функциялары
Қаралымдар: 140 / PDF жүктеулері: 296
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-4-18-36Кілт сөздер:
әлеуметтік кәсіпкерлік, әлеуметтік мақсаттар, қоғамның осал топтары, әлеуметтік кәсіпкерлік санттары, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік кәсіпкерлердің ұйымдастырушылық құрылымыАңдатпа
Экономика саласындағы заманауи зерттеулерде әлеуметтік кәсіпкерлік белсенді зерттелетін салалардың бірі болып табылады. Бұл мақалада әлеуметтік кәсіпкерлік тұжырымдамасы, мәні және Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың негізгі алғышарттарына талдаулар берілген. Мақалада Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпорындардың ерекшеліктері мен сипаттамалары қарастырылған. Мақаланың негізгі мақсаты – Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуын нақты мысалдармен талдай отырып, оның экономиканы дамытудағы маңыздылығын айқындау. Осы саланың ел экономикасына тигізетін ролі мен оны жетілдіруге қажетті факторларды анықтау.
Әлеуметтік кәсіпкерлік - құндылықтары бағалайтын тұрақты және инклюзивті кәсіпкерлікті алға жылжыту үшін, ресурстарды дұрыс пайдалануды қамтиды. Сондықтан, әлеуметтік кәсіпкерлік тұжырымдамасы әлі де толық зерттелмегендіктен, осы сала терең зерттеуді қажет етеді. Әлеуметтік кәсіпкерліктің дәстүрлі кәсіпкерліктен ерекшелендіретін негізгі факторлары - бұл кәсіпкерлердің экономикалық ресурстарды пайдалу мен әлеуметтік мүмкіндіктерді шешуі, ол - жаңашыл және заманауи жағдайларға бейімделген. Әлеуметтік кәсіпкерлікті терең зерттеу оның экономикалық рөлі мен стратегиялық міндеттерін анықтауды қажет етеді. Әлеуметтік кәсіпкерліктің мәні және оның қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі өте зор, сондай-ақ осы салада қолайлы бизнес-климатты құру қажеттілігімен анықталады. Талдау нәтижесінде әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі ұғымдары нақтыланып, Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің белгілері, ерекшеліктері, ролі айқындалып, функцияларына талдау жасалған
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Г. Жантелеуова, Ш. Турмаханбетова, A. Майдырова
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.