Қазақстанның аграрлық секторында инновациялық интеграцияланған құрылымдарды қалыптастыру


Қаралымдар: 178 / PDF жүктеулері: 161

Авторлар

  • Л. Молдашбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ж. Сейсенбаева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
  • К. Нурашева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-1-67-81

Кілт сөздер:

аграрлық сектор, инновациялар, біріктірілген құрылымдар, өндіріс тізбегі

Аңдатпа

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшкен мемлекет ретінде дамып, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Инновация өнеркәсіптің кейбір салаларын белсенді түрде жаулап жатқанымен, еліміз технологиялық даму жағынан артта қалып отыр. Агроөнеркәсіп кешенін мысалға ала отырып, жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру арқылы өндірістің техникалық-технологиялық, ұйымдық-экономикалық деңгейін көтеру жолдары көрсетілген. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан экономикасында бар технологиялық құрылымдарды зерделеу және агроөнеркәсіп кешені мысалға алып, басқарудың анағұрлым жетілдірілген нысандары мен салаларды біріктіретін инновациялық интеграцияланған құрылымдарды құру бойынша ұсыныстар әзірлеу және құн құрудың жаңа тізбегін көрсету. Негізгі мәселені шешуде аналитикалық-салыстырмалы, жалпы ғылыми және жүйелік талдау әдістері қолданылды. Жобаланатын құрылым – бұл ұжымдық меншік, мұнда меншік иелері акционер болып табылады, ал пайда енгізілген салымға сәйкес бөлінеді. Акционерлер мен олардың отбасы мүшелері бұл кәсіпорында жұмыс істеп, еңбектері үшін жалақы ала алады. Нарық жағдайында мұндай бірлестіктер нарықты азық-түлікпен тез қанықтыру үшін әртүрлі салалардағы ұйымдар арасында капитал қозғалысының жоғары жылдамдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Молдашбаева L., Сейсенбаева Z., & Нурашева, К. (2023). Қазақстанның аграрлық секторында инновациялық интеграцияланған құрылымдарды қалыптастыру. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 67–81. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-1-67-81

Журналдың саны

Бөлім

Статьи