«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және оны іске асырудағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлі
Қаралымдар: 287 / PDF жүктеулері: 160
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-1-158-171Кілт сөздер:
жергілікті өзін-өзі басқару, халық үніне құлақ асатын мемлекет, азаматтық қоғам, заңнамалық база, азаматтардың бостандығы мен мүдделері, демократия принциптері, биліктің есеп беруіАңдатпа
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару қызметі өзінің дамуының бастапқы кезеңінде тұр, өйткені рөлі мен маңыздылық дәрежесіне тиісті көлемде назар аударуды және одан әрі тиімді іске асыруды талап етеді. Бұл процесс 30 жылдан астам уақытқа созылып келеді және бүгінгі күнге дейін күтіліп отырған нәтижеге қол жеткізге алған жоқ.
Көптеген ғылыми және қоғамдық платформаларда және жоғары лауазымды шенеуніктердің мәлімдемелерінде, шетелдік тәжірибені енгізу арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту туралы жиі естиміз. Дамыған мемлекеттер деңгейіне жету үшін заңнамалық базаны, сондай-ақ халықтың пікірі мен менталитетін ескере отырып, бекітілген тұжырымдамаларды қайта қарау қажет. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары қоғамдық бірлестіктермен тығыз байланыста болуы тиіс, өйткені олар халықтың мүддесі мен дауысы болып табылады, олар атқарушы органдардың қызметін бағалайды және барлық орындалған жұмыстарды іштен көре алады.
Осыған байланысты мақалада жергілікті атқарушы органдардың халықпен өзара іс-қимыл жасау проблемасын зерделеуге, азаматтардың өтініштеріне қатысты істерді, жергілікті өзін-өзі басқару қызметінде жүйеліліктің болмау себептері мен мемлекеттік органдардың әлсіз белсенділігін анықтауға ерекше назар аударылған.
Зерттеудің негізгі мақсаты "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыруда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлін арттыру үшін ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Зерттеу барысыда қолданылған әдістер: ADF түбірлік бірлік тесті, Грейнжердің себептілік тесті, регрессиялық талдау және әлеуметтік сауалнама.
Негізгі мақсатқа қол жеткізуге үшін келесідей міндеттерді шешу алға қойылған: Еліміздегі жергілікті атқарушы орган қызметтері жүйесінің ағымдағы жай-күйін талдау, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге азаматтардың қатысуына әсер ететін негізгі факторларды зерделеу, азаматтар мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылының жай-күйін талдау.