Туризм саласындағы инновациялық қызметтің теориялық аспектілері


Қаралымдар: 103 / PDF жүктеулері: 73

Авторлар

  • К.Б. Тукибаева
  • Е.К. Барлыков
  • М.Ғ. Мәулен

Кілт сөздер:

туризм, инновация, инновациялық қызмет, маркетинг, турөнім.

Аңдатпа

Қазіргі заманғы туризм жаһандық әлемдік бәсекелестік жағдайында дамып келе жатқан
экономиканың маңызды саласы және инновациялық үдерістерге жиі ұшырайды. Сондықтан, Қазақстан
үшін инновацияға негізделген туризм саласын қалыптастыру маңызды. Бүгінде туризм саласындағы
инновациялардың теориялық-әдістемелік зерттеу деңгейі әлсіз және оның тұжырымдамалық негізінің толық
қалыптаспағандығы өзекті мәселе болып табылады. Мақалада авторлар туризм саласындағы инновацияларды
зерделеудің әдіснамалық тәсілдерін қарастырып, туризмдегі инновациялық басқаруды зерттеудің әдіснамалық
негіздерін жинақтап, осы салаға қатысты инновациялардың айырықша ерекшеліктерін көрсеткен. Сонымен
қатар, туризм саласындағы инновацияларды зерттеудің бағыттары мен оған үлес қосқан шет елдік
ғалымдардың ғылыми жетістіктеріне шолу жасалынып, қазіргі заманғы ғылыми-зерттеу мектептері мен
олардың туризмдегі инновациялық басқару мәселелерін зерттеудің пәндік салалары сипатталған.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-16

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тукибаева K., Барлыков E., & Мәулен M. (2023). Туризм саласындағы инновациялық қызметтің теориялық аспектілері. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (4). Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/58

Журналдың саны

Бөлім

Статьи